2024-09-20

ҚАСБЕТІ ҚАЙТА ЖАҢАРҒАН «КӨК ҮЙЛЕР»

«Көк үйлердің» қасбеті жаңарып қалды. Бұл жөнінде Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы ақпарат бөліскен. Аудан әкімдігінің мәліметінше, қала тұрғындары арасында «Көк үй» деп аталып кеткен көп қабатты тұрғынүйлердің сыртқы келбеті бүгінде жаңа бояумен жарқырап тұр.

«Нұрсәт» тұрғын алабында орналасқан №41 көп қабатты үйдің қасбеті қатты соққан желдің әсерінен ажырап, құлау қаупі орын алған болатын. Аталған мәселені Қаратау ауданы әкімі аппараты бақылауға алып, қадағалау жүргізген. Бұл жұмысқа «Қызметкер СК» мекемесі мен Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ұзындығы 50 метр биіктікті қамтитын 2 автокран арнайы техникалары жұмылдырылды. Қазіргі таңда, «Нұрсәт» шағынауданындағы №41 көп қабатты «Көк үйдің» қасбеті толығымен ретке келтірілді.

Яндекс.Метрика