Атмосфера – бұл ауқымды әуе жүйесі. Атмосфераның Жер экожүйесіндегі маңызы–бұл адамды жануарлармен өсімдіктер дүниесін тіршілікке қажетті газ элементтерімен қамтамасыз ету (оттегі, көмірқышқыл газ). Ластауыш заттар шығарындылары атмосфералық ауа сапасына, экожүйе мен халық денсаулығының тұрақтылығын ықпал етеді.
Республиканың ең ірі аймақтарының бірі болып табылатын Шымкент қаласы шығысында Жамбыл, солтүстігінде Қарағанды, батысында Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шекаралас жатыр. Шымкент қаласы Орынбор-Ташкент және Түркістан-Сібір халықаралық көлік 145 магистральдарының түйіскен жерінде орналасқан. Бұдан бөлек, Ташкент-Шымкент-Тараз-Алматы және Шымкент-Түркістан-Самара автомагистральдары арқылы ыңғайлы байланыс орнатылған.
Қазіргі өнеркәсіп, сауда және мәдениет орталығы болып табылатын Шымкент қаласы өзінің миллион халқымен Қазақстан Республикасының ең ірі қалаларының қатарында. Ұлы жібек жолының бір бөлігінде орналасқан керуен жолдары қиылысында пайда болған Шымқала Орта Азияның көне қалаларының құрамына енеді және бай тарих пен мәдениетке ие. Шымкент қаласының қазіргі күндегі өнеркәсібінің негізгі салалары болып мұнай өңдеу, химия, жеңіл, тамақ өнеркәсіптері саналады, олардың дамуы мен өркендеуі атмосфера қабатының ахуалынада әсер етеді.
Атап айтсақ, металургияны өңдеу саласы, химия және химиялық тыңайтқыш өңдіру салалары «алдыңғы» орында тұр. Ал, өнеркәсіптер бөліп шығаратын зиянды қалдықтардың мөлшері мен олардың атмосфераға таралуын салыстырсақ, тазалағыш қондырғыларының өте нашар жұмыс істейтіндігін байқауға болады. Бұдан басқа, қоршаған ортаға шығарылған зиянды қалдықтар мөлшері өнеркәсіптер шығаратын өнімдерінің мөлшерімен бірдей болады.
Өндіріс орындарынан шыққан улы газдардың атмосфераға таралуынан ауаның ластануы көптеген ауру түрлерінің таралуына әкеп соққан. Атап айтқанда: рак ауруы, жоғары тыныс алу жолдары аурулары таралып отыр. Қаланың шығыс бөлігінде орналасқан өндіріс бірлестігі зонасында соңғы жылдары сүйек, жүйке жүйесімен ауыратын адамдардың саны өскен. Шымкент осылайша аса ірі өндірістік қаладан экологиялық әлеуметтік проблемалар қаласына айналып отыр, яғни қаламызда су, жер ресурстарының экологиялық мәселелері өте шиеленіскен жағдайда тұр. Ең бастысы, адамның біртұтас организмінде қалыпта жұмыс ырғағы бұзылған. Өңіріміздің кендік қалалардың бірінде улы ауа уысында қалған адамдардың денсулығы нашарлап, қатерлі дерттердің құрбаны көбеюіне әкеліп соғады.
Қорыта келгенде, Шымкент қаласы табиғат жағдайы қайталанбас, өсімдігінің алуан түрлілігімен ерекшеленетін аумақ болғандықтан, ондағы біртұтастықты сақтау үшін тез арада нақтылы ғылыми негізделген шаралар ұйымдастыру мен оны қолдануды және аймақ табиғатының байырғы көріністерін қалпына келтіруді қажет ететін іс-шараларды біздер өз болашағымыз үшін жүргізуіміз керек.
К.О.БАЙМУСАНОВА
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы ҚДСБ-ң санитариялық- гигиена бөлімінің бас маманы
Фото tengrinews.kz-тен
Leave a Reply