КАРАНТИН ТАЛАБЫН ЕЛЕМЕГЕН МЕЙРАМХАНА СОТ ШЕШІМІМЕН ЖАБЫЛДЫ

Келес ауданында эпидемиологиялық жағдайға байланысты қабылданған карантин ережелерін сақтамаған мейрамхана жұмысы тоқтатылды. Түркістан облысының мамандандырылған экономикалық сотының шешімімен кәсіпкерлік нысаны 1 айға жабылды. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаевтың төрағалығымен өткен штаб отырысында ауданның бас санитар дәрігері Спандияр Оразымбетов мәлімдеді.

Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Спандияр Оразымбетовтың айтуынша  бүгінгі таңда азаматтардың  індет жұқтыру дерегі біршама артқан. Бұл жағдайдың туындауына аудан тұрғындарының карантин режимін сақтамай, той-жиындарға баруы себеп,-дейді ол.  Жыл басынан бері ауданда карантин шараларын елемегені үшін 105 хаттама толтырылған. Оның  ішінде мейрамханада той өткізу, көкпар ұйымдастыру және отбасылық шаралар ұйымдастыру  фактілері жиі анықталған.

Эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты Келес ауданында індетке қарсы пәрменді шаралар қабалданып, тұрғындарға арнайы вакцина салдыру ісі қарқын алды. Қазірге дейін аудан тұрғындарының вакцина алатын контингенті құрамының 50 проценті вакцинаның кемінде бір компонентін алып үлгерді. Аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Бекзат Слановтың мәліметше бүгінге дейін вакцинаның бірінші компоненті – 29850 адамға, екінші компоненті – 19537 азаматқа салынған.

Аудандағы медициналық ұйымдар мен дәріханалар қажетті дәрі-дәрмек қорымен толық қамтылған. Аудан әкімі А.Есбаев вакцина егу жұмыстарының қарқынын түсірмеуді және вакцина егуге қарсы топтармен түсіндіру жұмыстарын жаңа мазмұнда жүргізуді тапсырды.  Сондай-ақ мобильді топтар санын арттыру мүмкіндіктері қарастыру,  «Атамекен» ҰКП Келес аудандық филиалының басшылығы және аудандық кәсіпкерлік бөліміне бизнес субъектілерге «Ashyq» жобасына қатысу тиімділігін түсіндіру бойынша мақсатты кездесулер өткізу жүктелді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика