АМАНЖАРДА КӨПІР КЕҢЕЙТІЛЕДІ

Келес ауданының әкімі А. Есбаевтың тұрғындарды кезекті жеке қабылдауында айтылған проблемалар шешімін таба бастады. Бұл жолға қабылдауда Қошқарата ауылдық округінің Аманжар елді мекенінің тұрғындары №28 Мақташы жалпы орта мектебінің маңындағы Басабдал каналында орналасқан көпірдің ені тар екені, сол себепті жаяу жүргіншілер мен көліктің көпірден өтуінде қиындықтар туындап жатқанын айтып, аудан әкімінен мәселені оңтайлы шешуді сұранған еді. Сонымен қатар кездесуде елді мекеннің орталық көшесіне жарық шамдарын орнатып беруін сұранған.

Тұрғындар мәселесін басты назарына алған аудан әкімі Ақментай Есбаев осы жәйттарға көз жеткізу үшін Аманжар елді мекеніне арнайы барды. Елді мекенді аралу барысында тұрғындар айтқан көпірге барып, мән-жайды анықтады. Ауыл әкімі Қонай Бекмұратовқа көпірді кеңейту бойынша тиісті жұмыстарды ұйымдастыруды тапсырды. Сондай-ақ елді мекен ішіндегі басты көшеге, жарық шамдарын орнату бойынша да қажетті жұмыстар атқаруды жүктеді.

Естеріңізге сала кетсек, осыдан бір күн бұрын аудан әкімі Ақментай Есбаев аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізген болатын. Қабылдау аудан орталығынан шалғай елді мекендердің тұрғындары үшін онлайн форматта өткізілсе, аудан орталығына жақын маңдағы тұрғындарды ашық ауада бетпе-бет қабылдады. Жиында Біртілек ауылдық округінің Жолбасшы, Игілік және Көлтоған елді мекендерінің тұрғындары инфрақұрылым жұмыстарының кешеуілдеуінің себебін сұраса, онлайн форматта қатысқан Ұшқын, Ақтөбе және Жүзімдік тұрғындары өздерін мазалаған сұрақтарды аудан әкіміне жолдады.


Өз кезегінде, аймақ басшысы тұрғындардың талап-тілектерін тыңдай келе тұрғындардың өтініштеріне тиісті жауаптарын беріп, қажетті шаралар қабылданатындығын жеткізген.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика