470 АЗАМАТ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ АЛДЫ

Түркістан облысы Келес ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту», яғни жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру бойынша 470 азамат мемлекеттен қаржылай грант алды. Бұл туралы халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Нүрипа Темірбаева айтты. Бұл — биылғы 7 айдағы көрсеткіш.

Грант жеңіп алғандар бизнес жобаларын қорғап шығып, кәсіп бастау үшін 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 583 мың 400 теңге қаржы алды. Бұл топтағы азаматтардың 184-і жасы 29-ға толмаған жастар. Алтауы мүмкіндігі шектеулі жан. Тағы біреуі пробоция есебіндегі азамат.

Жалпы, 2021 жылдың 8 айында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың » 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағадарламасының алғашқы бағыты- азаматтарды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету бойынша 120 азамат оқуға жіберілді. Олар қазір 3 білім беру ұясында 7 мамандық бойынша кәсіптік білім алып жатыр. Оқуға жіберілгендердің ішінде екеуінің мүмкіндігі шектеулі болса, тағы біреу пробация есебінде тұрған азамат. Жалпы биыл жұмыссыздар қатарына тіркелген азаматтардың 150-ін қысқа мерзімді оқытуға жіберу жоспарланған.

Сондай-ақ, Келес ауданында бағдарламаның екінші бағыты-«Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқуға «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасы арқылы 220 азамат оқуға жолданды. Оған 29 жасқа дейінгі 73 азамат қатысты. Сонымен қатар, 5 мүмкіндігі шектеулі азамат та кәсіптік білім алып жатыр.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика