Түркістан облысы Келес ауданы мәслихатының кезекті сессиясы өтті. Халық қалаулыларының жиынында аудан әкімі Ақментай Есбаев жыл бойғы атқарылған жұмыстар мен жетістіктер жайлы баяндап берді. Сондай-ақ, өңірдегі өзекті мәселелер де қозғалды.
Жалпы, биыл ауданда 40,9 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Бұл өткен жылдың тап осы кезеңімен салыстырғанда 6,0 млрд теңгеге немесе 117,2%-ға артқан. Сонымен қатар, жыл басынан бері аймақ экономикасына 4,1 миллиард теңгенн инвестициясв тартылды. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 500,0 млн теңгеге немесе 113,5%-ға өскен.
Келес ауданындағы 83 елді мекеннің 45 ауылы табиғи газбен қамтылған. Әлі 32 ауылға көгілдір отын жеткізу керек. Оның ішінде алты елді мекенге газ желісін тарту экономикалық тиімсіз деп танылған. Нәтижесінде, табиғи отынды елді мекендердің 58,4 пайыз пайдаланып отыр. 2021 жылы 9 елді мекенге табиғи газ желісі құрылысына облыстық бюджеттен тиісті қаражат бөлінді. Жоспарлы іс аяқталған соң бұл көрсеткіш 70,1%-ға жететін болады деді аудан әкімі А.Есбаев.
Басқосуды қорытындылаған А.Есбаев ауданның даму жоспарына сәйкес, халықтың әл-аухатын жақсарту мақсатындағы ауқымды жұмыстар әрі қарай да қарқынды жүргізілетінін айтты.
Leave a Reply