ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ДӘСТҮРЛІ ТУРНИР ӨТУДЕ

Келес ауданының орталығы Абай ауылындағы орталық стадионда қазақ күресінен «Оңтүстік Қазақстан» газетінің жүлдесінен арналған дәстүрлі турнир өтуде. Осымен 58-рет ұйымдастырылған жарысқа 17 командадан 120 балуан қатысуда. Олар 6 салмақ дәрежесі бойынша белдесіп, өзара мықтыны анықтайды. Сондай-ақ, 90 және 90 келіден жоғары салмақтағы спортшы «түйе балуан» атағы үшін күреседі.

Турнирдің ашылу салтанатына Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев және «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің директор-бас редакторы Абай Балажан, баслымның ардагер журналистері мен ұжымы қатысты.

— Бұл айтулы жарыс талай-талай буынды спортқа баулып, бұқаралық спорттың дамуына үлес қосып келеді. Кезінде бұл жарысты оңтүстік өңіріндегі «кіші әлем чемпионаты» деп те атаған. Қазақ күресінен жарыстар сирек өтетін. Сол кездері еліміздің түкпір-түкіпірінен мықты балуандар қатысатын. Қазір де жарыстың маңызы жоғалған жоқ. Ұлттық спортты ел арасында насихаттауда қара шаңырақ басылым «Оңтүстік Қазақстан» газетінің сіңірген еңбегі зор, – деп атап өтті Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев.

Әр салмақ дәрежесінде сынға түскен балуандар жарыс көрігін қыздыруда. Спортшылар да, жанкүйерлер де асыға күткен «Түйе балуан» бәсекесі де тартысқа толы болмақ.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика