Түркістан облысы Келес ауданында Қазақстан Республикасының Ауғанстан және локалды соғыс ардагерлерінің одағы және Қазақстандағы Ресей Федерациясы елшілігінің атташесімен бірлесіп, «Қазақстанның бірлігі — халықтар достығында!» қайырымдылық акциясын өткізді.
Акцияға Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев қатысып, аудан орталығы Абай ауылындағы «Ардагерлер» аллеясындағы Ауғанстан және тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік борышын өтеген ардагерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Акция барысында сөз алған Ресей елшілігі атташесінің өкілі полковник Евгений Александров бұл акцияның мақсаты мемлекетаралық достық қарым-қатынаста, пандемия кезеңінде Қазақстандағы соғыс ардагерлеріне материалдық қолдау көрсету, екі ел арасындағы соғыс ардагерлерінің ынтымағын нығайту деп атап өтті. Бұл пікірді Ауғанстан және локалды соғыстар республикалык одағының төрағасы Шәріп Өтегенов те мақұлдады. Акция барысында Түркістан облысындағы ауған соғысы, таулы Карабах және тәжік-ауған қақтығысына қатысқан мүмкіндігі шектеулі және тұрмысы төмен 50 ардагердің әрбіріне 100 мың теңге көлемінде материалдық қаржылай көмек табыс етілді.
Leave a Reply