КЕЛЕСТЕ СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ

Келес ауданында Түркістан облысындағы соғыс ардагерлері ұйымдарының төрағалары және​ ауған соғысы, таулы Карабақ және тәжік-ауған шекарасындағы қарулы қақтығыс ардагерлерінің І конференциясы өтті.

Конференцияға ҚР Ауғанстан және жер-жердегі соғыс ардагерлері одағының төрағасы Шәріпбай Өтегенов, одақтың Шымкент қалалық филиалы төрағасы Ғалым Майханов, Түркістан облысындағы Ауғанстан және жер-жердегі соғыс ардагерлері ұйымдарының төрағалары және ​ ауған соғысы, таулы Карабақ және тәжік-ауған шекарасындағы қарулы қақтығыс ардагерлері қатысты.

Күн​ тәртібінде екі мәселе қаралды. Оның бірі ҚР Ауғанстан және жер-жердегі соғыс ардагерлері одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасын сайлау және үйлестіру кеңесін құру және үйлестіру кеңесінің төрағасын сайлау ұсынылды. ​

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ҚР Ауғанстан және жер-жердегі соғыс ардагерлері одағының төрағасы Шәріпбай Өтегенов сөз алып аталған қоғамдық ұйымның төрағалығына ауған соғысының ардагері Ахмет Жұмабековтің кандидатурасын ұсынды.
Конференцияға қатысушылар оның оның кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.

Сондай-ақ, күн​ тәртібіндегі екінші​ мәселе​ бойынша ауған соғысының ардагері Қайрат Оразбековтің үйлестіру кеңесін құруды және оған төраға етіп, Ахмет Жұмабеков​ты төраға етіп сайлау туралы ұсынысын конференция қатысушылары бірауыздан қолдап, конференция қаулысын қабылдады.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика