Түркістан облысы Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев және аудан прокуроры Бақыт Сейфолланың қатысуымен аудан аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары, кәмелет жасқа толмағандар арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар алдын алу және атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесін саралау мақсатында арнайы жиын өтті. Басқосуға аудан әкімінің орынбасарлыры, дербес бөлім басшылары, ауыл, ауылдық округінің әкімдері мен мектеп директорлары қатысты.
Жиын барысында прокуратура өкілдері ағымдағы жылдың 9 айында аудан көлемінде қылмыс деңгейі 19,3% төмендегенін мәлімдеді. Дегенмен мектеп оқушылары арасында қылмыстар орын алып жатқаны, осыған байланысты аудан әкімдігі мен прокуратура бірлескен іс-әрекеттерді жандандыру керек екені баса айтылды.
Жалпы, 2021 жылдың 1 қыркүйек айына дейін ішкі істер органдарына жалпы саны 168 құқықбұзушылық тіркелген Оның ішінде, ауыр және аса ауыр қылмыстар саны 61-ге жеткен. Қылмыстардың ашылуы үлесі 66,0%. Ал, осы мерзім ішінде аудан аумағында 59 жол-көлік оқиғасы орын алған болса, оның салдарынан 22 адам қаза болып, 85 адам жарақат алған.
Жиынды қорытындылаған аудан басшысы Ақментай Үсенұлы мектептердегі қауіпсіздік шаралары бойынша тиісті мекемелерге толық зерделеу жасауды тапсырды.
Leave a Reply