2024-09-22

БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТАР

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында көптеген жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда, Шымкентте 32 мектеп пайдалануға берілді. Оның ішінде 20 жекеменшік 12-і бюджет есебінен. Нәтижесінде, апатты мектеп мәселесі толығымен шешілді, үш ауысымды мектептер саны 19-тен 9-ға азайды. 2025 жылға дейін 86 079 орынға арналған 101 мектептер салу кешенді жоспары әзірленді. Оның ішінде, 58-і мемлекет, 4-і мемлекеттік-жекешелік әріптестік, 39 мектеп жеке инвесторлар есебінен салады.

Жоспарға сәйкес, 2026-2030 жылдарға дейінгі жоспар да түзілуде.
2020 жылы «Шымкент қаласының білім басқармасы жанынан «Дарын орталығы» ашылды. Цифрлық білім беру платформасына мектептер 100 пайыз енді. Инклюзивті білім беру сапасын арттыру мақсатында 4 ПМПК (педагогикалық медициналық психологиялық кеңес), 2 педагогикалық психологиялық түзеу кабинеті ашылды. Бүгінде жалпы саны 5 ПМПК, 7 түзету кабинеті жұмыс істеуде. Салаға қатысты 32 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер цифрландыру қызметіне толық өтті. 2021 жылдан Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін «hrprocess.kz» платформасы құрылып, мектеп ұстаздары мен директорлары ашық әрі бәсекелестік ортада таңдала бастады.
«Көшбасшылық академиясы» бағдарламасы іске асты. «Дарынды балаларға арналған мектеп-гимназиясы» және «Дарынды балаларға арналған IT лицей-интернаты», 5 «IT мектеп-лицейі» қайта құру арқылы ашылды. Әдістемелік орталық жанынан «Инклюзивті білім беру», «Халықаралық зерттеулер,талдау және сараптау» бөлімдері ашылды. Мүгедек балаларға арналған Сайрам көмекші мектеп интернаты, көмекші мектеп интернат-колледж болып қайта құрылды.

Шымкент қаласында «Жас маман» жобасы аясында 7 мемлекеттік колледжді заманауи материалдық-техникалық жабдықтармен жабдықталып, 13 мамандық бойынша құзыреттілік орталықтары ашылды.

Білім беру ұйымдарына арнайы талаптарға сәйкестендірілген бейнебақылау жүйелері 100% орнатылды. Білім беру ұйымдары ғимараттарының кіреберістері 100% турникетпен қамтылған.
Мектептерде 100% дабыл батырмалары орнатылып, Полиция Департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған.

Н.А.КЕРІМБАЕВА
Мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика