2024-09-22

ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидасын бекіту туралы ҚР ІІМ 2014 жылғы 28 тамыздағы 517 бұйрығы бар. Соған сәйкес, 2022 жылдың 7-13 ақпан  аралығында Республикалық профилактикалық іс-шара өткізілді.

Бұл іс шараның мақсаты – Пробация қызметінің есебінде  тұрған сотталған азаматтардың мінез-құлқына бақылау жасау, тұрғылықты мекен-жайына тексеру жұмыстарын жүргізіп қайта қылмыстың алдын-алу мақсатында профилактикалық тәрбиелік мәні бар сұхбаттар жүргізу болып табылады. Қазіргі таңда Шымкент қалалық Абай аудандық Пробация қызметкерлерімен бірлесіп, Шымкент қаласы Абай АПБ Учаскелік полиция инспекторларымен есептегі сотталғандардың мекен жайы бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.

А.С.Утегенова

Шымкент қалалық Абай ауданы бойынша Пробация қызметінің аға инспекторы, әділет капитаны

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика