2024-09-22

ҚОҒАМДЫ ҚОРҒАУ ҰСАҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ БОЛДЫРМАУДАН БАСТАЛАДЫ

Мемлекетіміздің Атазаңының 1-бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны айтылған. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөз кірген.

Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді.         Тәртіпсіздік пен бетімен кетушілікті сезіну – одан да елеулі қылмыстарға жол ашады. Ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалы – қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыспен күреске бастайтын маңызды қадам.

«Нөлдік төзбеушіліктің» негізгі рөлі – қоғамның белсенділенуі. Яғни, елдің әр азаматы кез-келген құқық бұзушылықты көріп, селқос болып қалмай, арнайы органдарға хабарлау керек. Әр азамат мемлекеттегі тәртіпке және қауіпсіздікке жауапты болу міндетті.

                                                                                                         Тамара ЖҰМАБЕКОВА

Шымкент қалалық пробация  қызметі бөлімінің аға инспекторы, әділет капитаны

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика