2024-09-23

Орманға қауіпсіздік ережелерін жаттап алып, барыңыз

Орман — жер бетіндегі табиғи қорлардың,

оның ішінде өсімдіктер жамылғысының

басты бір типі. Құрамында бір-біріне жақын

өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері

бар табиғи кешен. Орман қоршаған ортаға

өте қажетті аумақ. Ол топырақтың

құрылысына, су алмасуына, онда

органикалық және минералдық заттардың

жиналуына әсер етеді. Орман-тоғайға

адамдар көбінесе демалуға, таза ауа жұтып,

тынығуға барады. Бірақ, өкінішке орай

демалушылар арттарынан қоқыстарын

шашып немесе отқа тамақ дайындаған соң

артынан қалған шоқты өшірмей кетеді.

Соның салдарынан қазіргі таңда көптеген ормандар өртеніп жатыр. Бұл мәселе тек Қазақстанда ғана емес бүкіл дүниежүзілік мәселердің бірі. Сондықтан да, әр адам ормандағы қауіпсіздік ережелерін жатқа біліп қана қоймай сол қатаң тәртіптерді ұстай білсе дейміз. Әрбір азамат өзін туған өлкесі мен оның байлығының иесі ретінде сезіне отырып, табиғат қорғау ережелерін қатаң сақтаған жағдайда болашақ ұрпақ алдындағы борышын ақтаған болар еді.

«Сырдария-Түркістан мемлекеттік

өңірлік табиғи паркі» коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің ЕҚТА күзету

және жануарлар дүниесін қорғау

бөлімінің бас маманы Ғ.Мүстафаев

*Айтарым бар

Қанша бала соғысқа қатысқанын білесіз бе?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айта келе, жаңа кірген Барыс жылын «Балалар жылы» деп жариялады. Шын мәнінде балалардың әр күні мереке болуы тиіс. Олардың өмірінің қауіпсіз болуы, соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие беру барлығы кез келген адамның міндеті. Ал осыдан жетпіс жеті жыл бұрын жас бүлдіршін балалар өздерінің жасына қарамай Ұлы Отан Соғысының алдыңғы шептегі жауынгерлері де бола алды. Соғысқа 300 мыңнан астам бала қатысты. Кішкентай батырларды орден мен медальдармен марапаттау ешкімнің қаперіне де келген жоқ. Тіпті аты аталмаған қанша бала бар. Деректерді ақтарып отырып, жаның жаурап, жүрегің мұздап кетеді. Жеңісте, қазіргі бейбіт өмірімізде баланың да үлесі, орны бар. Бала да өз елінің бостандығы үшін күресе алады.

Әрине біздер сұм соғысты көргеніміз жоқ. Алайда турлі БАҚ, әдебиеттерден оқып, теле экрандардан берілген фильмдерде көріп, соғыстың қасіретін көз алдымызға тек елестете ғана аламыз.

Ресей мен Украина арасындағы қырғи қабақ соғыстың ызғары сезіліп түр, бүгінде. Қанша баланың тағдырына балта шабылды екен… Бейбіт өмірдің қадірін білу үшін міндетті түрде соғыс керек пе? Біздің балаларымыздың санасына жасалып жатқан «соғыстың» өзі жетпей ме? Осы соғыспен қалай күресіп жүрміз?

Сіз өскелең ұрпақтың саналы, білімді болып өсуіне қандай үлес қосып жүрсіз? Балаңызға отан, ұлт туралы қашан әңгіме айттыңыз? Әлде тамағының тоқ болғанын ғана қадағалап жүрсіз бе?

Осы туралы ойландыңыз ба?

Д.Тауасарова ,

«Ұлы Дала Елі» орталығы қызметкері

Көктем келеді

Сезілгенмен ақпанның салқыны әлі,

Нұрлы шуақ,

Көктем боп бар құмары,

Қар астынан қылтиған

Жауқазын гүл,

Күн нұрына сәбидей талпынады.

Нәзік гүлім!

Өжет те қайсар гүлім!

«Көктем келе жатыр» деп

Жар сал бүгін!

Ақ қар еріп барады жылап ағып,

Ағаштар да көзіне тамшы алды кіл…

Дауыстарды не түрлі толтыруда,

Туған жердің тау-тасын, жал құмын да…

Көктем аунап келеді,

Көктем аунап,

Бұлақтардың сыңғырлы толқынында.

Нәзік сәуле дірілдеп кірпігінде,

Жанарына үйірді күлкі Күн де.

Көктем бүрлеп келеді,

Көктем бүрлеп,

Жарып шыққан қайыңның бүртігінде.

Қараңызшы!

Тұп-тұнық таң атуда,

Кең далама

Шұғыласын таратуда.

Көктем көшіп келеді

Көктем көшіп,

Қайта оралған құстардың қанатында.

Сырбай Мәуленов

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика