2024-09-23

 

БЦЖ деген шеттілінен аударғанда BCG – Bacillus Calmette, яғни Кальмет-Геренбациласы дегенді білдіреді. Бұл туберкулезге қарсы егілетін тірі, вакцина, оның негізгі ерекшеліктері:

мақсаты – туберкулез таяқшасына қарсы бала ағзасының қарсылығын жоғарылату;

аурудың ауыр түрлері – туберкулезді менингит, буын мен сүйектердің зақымдануы мен өкпенің зақымдануының қауіпті түрлерін дамуын алдын алады;

балалар арасындағы аурушандылықтың төмендеуіне ықпал етеді. Осының барлығының маңыздылығын ескере отырып, нәрестелер арасындағы БЦЖ екпесі неғұрлым ерте, екпеге қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда – перзентханаларда жасалады.

Перзентханада қандай да бір себеппен егілмеген балалар, балалар емханасында егіледі. БЦЖ екпесімен егілген балалардың ағзасында алалардың көбінде иммунитет 5-7 жыл бойы сақталады, сондықтан баланың 6 жасында (1сынып) БЦЖ екпесімен егуді қайта жасайды (Манту сынамасының теріс нәтижесінде).

Созылмалы аурулармен ауыратын балалар, дені саубалаларға қарағанда екпені ерекше қажет етеді, себебі ауру балаларда туберкулезді емдеу ауыр және ұзақ уақытты қажет етеді, ал егу процесі баланың ағзасы үшін жеңіл өтеді.

Қазіргі медицинаның дамыған заманында сапалы емдеу тәсілдері табылмаған ауруларға да вакциналар ойлап шығарылған. Екпе дамыған елдерде денсаулық сақтаудағы таза ауыз судан кейігі бірден бір маңызды мәселе болып табылады. Екпе ол аурушандылықты төмендету мен жұқпалы ауруларды алдын – алудың ең тиімді құралы. Қазіргі уақытта екпенің көмегімен әртүрлі 28 аурудың алдын алып отыр.

Қазақстанда екпемен иммундау – балалар арасындағы жұқпалы аурулардың деңгейін төмендететін еңтиімді әдістердің бірі болып табылады, бұл көптеген жылдардың тәжірибесімен дәләлденген және халықтың эпидемиологиялық қолайлылығын қамтамасыз ететін еліміздің мемлекеттік саясатының деңгейінде тұр.

Г. Онласынова

Шымкент қаласы

Қаратау ауданы СЭББ

бас маманы

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика