Қызылша пайда болмас үшін…

       Қызылша – жедел инфекцияға жатады. Ол ауа–тамшылы жолымен жұғатын, тыныс жолдарының, көздің шырышты қабаттарының қабынуымен, ірі дақты бөртпелермен және улану белгілерімен сипатталады. Қызылша вирусының көзі – тек ауру адам, егілмеген балалар өте тез жұқтырып алады. Егу жүргізгеннен кейін ауру сырқаулық шұғыл төмендейді.
       Инкубациялық кезең 9-11 күн, мүмкін 7 күн немесе 17-21 күнге созылады. Ауру дене қызуының 38-39,0С дейін көтерілуіне, тәбетінің нашарлауынан, әлсіздіктен басталады. Бұған тұмау белгілері қосылады: құрғақ жөтел, мұрыннан су ағып, көздің шырышты қабаты қызарып, ісінеді, көзден жас ағады, жарыққа қарай алмайды. Ауыздың шырышты қабаты ісінеді, қызарады; бұл жерде және жұмсақ таңдайда энантемалар (көкшіл дақтар); Бельский – Филатов дақтары пайда болады. Сонымен қоса іші ауырады, өтеді, бала азады. Бөртпелер бірінші күні бетінде, құлағында, мойнында, екінші күні денесінде, санында, үшінші күні – аяғында пайда болады. Былайша айтқанда, бөртпе этаппен шығады. Бөртпе шығу кезеңі – 3-4 күнге созылады. Осы кезде дене қызуы қатты көтеріледі, бөртпе қышиды, біраздан кейін пигментация және қабыршықтанып, түлеу болады. Бөртпе түсі қызғылт түстен қанық қызылға дейін.
tories/images66.jpeg» width=»200″ height=»208″ alt=»images66″ style=»float: right;» />
       Емдеу тәсілдері – төсектік режим, көп су ішу керек, теріні, ауыз қуысын таза ұстау (шаю) қажет. Антибиотиктерді мынадай жағдайларда беру керек: 3 жасқа дейінгі балаларға, орташа және ауыр түрімен ауырғанда, қосымша жедел және созылмалы аурулары бар балаларға, ұзақ және жиі ауыратын балаларға, қызылшалық ларингит болғанда.
Қызылша ауруының алдын алуында ең маңыздысы егулер болып саналады жоспарлы егулер балалар 1 жасында және 6 жасында алады. Ал аурушаңдық тіркелген жағдайда эпидемиологиялық көрсеткішке байланысты қызылша науқасымен қатынаста болған балалар, ересектер егулері толық емес, егу құжаты жоқ, егуін алмағандар 30 жасқа дейінгілер арасында 3 күн ішінде ККП вакцинасымен егу жүргізіледі. 
       Балалар коллективінде қызылша пайда болмас үшін ауырғандарға ерте диагноз қойып, оларды жекешелендіру, бөлмелерді жиі желдетіп тазалау керек. 
       Қызылша ауруымен ауырған адамдардың дер кезінде дәрігерге қаралғаны абзал!
       Егер тұрғындар қызылшаға қарсы егулерін алмаған болса тұрғылықты емдеу профилактикалық мекемелеріне барып алуға болады. 
С.Ш.БАЙСАЛОВ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика