Тамақтан қауіп төнбесін десеңіз…

tories/chef-salad.jpg» width=»200″ height=»274″ alt=»chef-salad» style=»float: right;» />

       — Тағамды дайындаудан бұрын және шикі мал еті мен құс етін ұстағаннан кейін қолыңызды жақсылап сабынмен жуыңыз; 
      — көкөністерді және жемістерді жақсылап жуыңыз;
      — шикі еттерді кесу үшін және басқа да өнімдерге оларды пайдалану үшін тақтайлар мен аспаптарды жуыңыз;
      — дайындаудан бұрын мұздатылған құсты толық ерітіңіз. Егер мүмкін болса, оны тоңазытқышта ерітіңіз, себебі суық бактериялардың көбеюін тоқтатады;
       — ет және балық өнімдерін жақсылап қуырыңыз;
       — шыбындар мен егеуқұйрықтардан, тарақандардан қорғау үшін тамақтың бетін жабыңыздар;
       — желінбей қалған тамақты тоңазытқышта, ал көкке шыққанда өнімдерді тасымалданатын тоңазытқыш камераларында сақтаңыз;
      — Шикі және дайын өнімдерді бөлек сақтаңыз. Тамақты салқын жағдайда сақтаңыз, дайын тағамдарды бөлме температурасында 2 сағаттан артық сақтамаңыз, тіпті тоңазытқыш ішінде дайын тағамдарды көп сақтамауға тырысыңыз. 
       Сапалы шикі тамақ сапасыз тамақпен бірге өңделсе немесе бірге сақталса өте оңай ластанып, тамақтан улануға соқтыруы мүмкін. Дайын тағамдар да шикі өнімдермен бірге сақталса, бір тақтайша, бір пышақпен өңделсе, шикі өнім өткізілген еттартқыштан дайын тағам туралса, лас немесе іріңді жаралары, тілімдері бар қолмен тамақ ұсталса, әрине, ол қауіпті.
       Әсіресе піскен тамақ ластанса, микробтар өте тез көбейеді. Олардың тез көбеюіне пісіру барысында антагонист-микробтарының жойылуы себеп болады. Сондықтан да температуралық өңдеуге жатпайтын, піскен тамақтар немесе салаттарға сақ болып, оған ерекше назар аудару керек. 
       Тамақты ұстар алдында қолды мұқият жуу қажет. Қолыңызда ірің жара немесе тілімдер болса дайын тамақты турауға, дайындауға араласпағаныңыз жөн.
Н. К. НҰРЖАНОВА,
 МСЭҚ қызметкері.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика