Ашық сабақ

       Тақырыбы:  «Құстардың суретін саламыз»

         Мақсаты:

Білімділігі: Табиғат жайлы түсінігін тереңдету , жалпы құстардың пайдасы. Табиғатқа өзініңқарым-қатынасын көрсете білуге үйрету , күрделі пішіндегі затты бейнелеуде графикалық машықпен әдіске баулу. Балалардың елестетуін, қиялын жетілдіру. Бояуларын түрлі-түсті қарындаштарды қолдана білуге үйрету. 

Дамытушылығы : Оқушылардың сөйлеу мәдениетінің белсенділігін, қиялын, елестету белсенділігін дамыту. Құстар өмірінің беймәлім тұстарын айту, жыл мезгілдерінің өзгеруіне сәйкес, тіршіліктіңде әр түрлі болатынын дәлелдеу.

Тәрбиелік: Отанын, жерін, орманын, коөлін, табиғатты сүюге, құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: Құстардың суреті, үнтаспа, қанатты сөздер, магнитофон , қара фломастер, жай қарындаштар.

Сабақ жоспарының үлгісі:

1)Ұйымдастыру сәті

2)Құстар туралы сүйікті өлеңдеріміз

3) Біздің айналамызда тіршілік етіп жаткан құстар. Олар қандай? Деген тақырыпта ұйымдастырушылық-танымдық әнгіме өткізу

4)Құсты қалай бейнелеу керек?

5)Оқушылардың өзіндік жұмысы

6)Жұмысты қорытындылау. Суреттер көрмесі

1) сабақтың барысын ұйымдастыру кезінде оқушының назарын сабаққа аудару.

   Үй тапсырмасын тексеру .

Ой қозғау әдәсі:

«Құстар» әні тыңдату және құстардың дыбыстары тындалады.

Балалар қандай ән және қандай дыбыстар тыңдадыңдар?

Мұғалім- Құстардың табиғатқа, адамға, пайдасы туралы айтады.

Жаңа сабақ:

Сабақ тұтасымен балалардың тірі табиғатқа деген қайырымды қарым-қатынасын тәрбиелеуге бағытталады.

            Біздің халық ежелден аң құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп, ең жақсы адамдарды құсқа теңегені белгілі. Мысалы саңлақ ұлдарын сұңқарға теңесе, төгіле ін шырқайтын әншісін бұлбұлға, ел үшін, отан үшін жанын қиятын ұлдарын қыранға, елден асқан сұлуын аққуға теңегені белгілі. Осы сөздің  дәлелі ретінде еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев Астана жас қаламыздағы тұңғыш рет салынған Бәйтерек туралы түсіндіру.

            Осы жоғарыдағы дәйектерді ескере отырып, оқушыларды ІІІ тапка бөлеміз.

І топ Қарлығаш

Адам досы.Қарлығаш жыл құсы.Қарлығаш ұясын үйдің шатырына салады. Төсі ақ, құйрығы айыр.

ІІ Аққу

Достықтың, махабаттың белгісі. Табиғаттың көркі. Құстың сұлуы, оны атуға болмайды.

ІІІ Бүркіт

Құс бегілер аң аулауға бүркітті алып шығады. Бүркіт-қыран құс.

Оқушылар өз топтарындағы құстардың аттарына сипаттама береді. Бүгінгі сабағымыз «Құстың суретін саламыз». Суретшілердің құстарды бейнелеуі бекер емес.

Кітаппен жұмыс.

Кітаптың 26-бетін ашамыз. Кітаптағы сызбаларды мұқият қарап шығамыз.

Пән аралық байланыс.

Математика кітабымен байланыс. Суретті дұрыс салу үшін, құстың бұл күрделі формасының жай ғана геометриялық фигуралардан туратынын есте ұстау қажет.

Қандай сызықтың түрлерін білеміз? Геометриялық фигураларды ата?

            Негізінен құсты салу үшін үлкенірек және кішірек екі дөгелек салынады. Бұл-денесі мен басы болады.

            Оқулыққа торғайды бейнелеу кездерінің реті.

Сергіту сәті.

«Шөжелерім» әніне арнап оқушылар қимылдар жасайды.

Дәптермен жұмыс.

Оқушылардың озіндік жұмысы. Әркім өзіне ұнаған құсты қарындашпен жеңіл сызықтар жүргізу арқылы байланыстырады. Суретті ұсақ бөлшектерімен  бастап салуға болмайтынын ескертеміз. Алдымен құстың басты бөлшектерін кескіндеу керек, композицияға мұқият болып, құстың альбом парағына дұрыс орналасуына көңіл бөлген жөн. Құстың сұлбасына да  көңіл бөліп нақтылау керек. Құстың суреті көркем көңілді көрінуі үшін ашық бояуды таңдауы керек.

Құстарды бояу кезеңі.

Қауырсындарын бояу жұмысы  құстың жалпы боялған өзінің үстіне түсіреміз. Бейнелеуде құстың контурының айқын болуы үшін қара фломастер қолдануға болады.

«Балапанды құтқару» ойыны. Балапанды құтқару үшін оқушылар уй құстарын, жабайы құстарды ажыратып аламыз.

Сабақ ақ көгершін әнімен аяқталады.

Оқушылар ауызша (қорытындыланады) бағаланады.

             20.11.2012. 

«Қазығұрт» № 66 жалпы орта мектебі  Бейнелеу өнер пәнінің мұғалімі: Серікбаева Гауһар 1 б сынып









Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика