Маусым айында еліміздің басым бөлігінде 40°С аптап ыстық болады деп болжанып отыр.
Маусым айында еліміздің басым бөлігінде 40°С аптап ыстық болады деп болжанып отыр, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі. Синоптиктердің болжамынша, маусым айының басында Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлерінде жазғы ауа райы сақталады. Күндіз +25+33°С, Маңғыстау облысының оңтүстігінде әлдеқайда ыстық +38°С.
Еліміздің батысын қоспағанда, Қазақстанның көптеген облысында атмосфералық ағындардың өтуіне орай өткінші жаңбыр жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады, қатты жел тұрады. Температура фоны салыстырмалы түрде төмен. Күндіз +15+23°С, елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында +20+28°С.
Еліміздің солтүстік-батыс бөлігінде түнде солтүстік антициклонмен ауа температурасы төмендеуі мүмкін. Маусымның бірінші онкүндігінің ортасына қарай, Жерорта теңізі мен Орта Азияның шығыс жағалауынан келетін ауа массалары, республиканың барлық аумағында өте ыстық ауа райын туындатады. Осылайша термометр бағандары +28+36°С белгісіне дейін, Қазақстанның шеткі оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде жекелеген күндері +40°С-қа дейін көтерілуі мүмкін.
Бірінші онкүндіктің соңында және екінші онкүндіктің басында — республиканың батысында, содан кейін елдің қалған аумағында ыстық түсе бастайды. Маусымның екінші және үшінші онкүндігінде екпінді жел, найзағай, бұршақ, шаңды дауыл мен қысқа мерзімді жаңбыр ыстық, тұрақты ауа райымен алмастырылады.
Ауа температурасы ауытқуы ықтимал:
— Қазақстанның солтүстік жартысында түнде +15+22°С-тан +5+13°С-қа дейін, күндіз +28+36°С-тан +18+25°С-қа дейін;
— елдің оңтүстік жартысында түнде +18+26°С-тан +10+16°С-қа дейін, күндіз +33+42°С-тан +25+30°С-қа дейін.
Бір айға жасалған ауа райы болжамын кеңес ретінде пайдалану керек, ол кейіннен синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетіледі және онкүндікке арналған ауа райы болжамдарымен нақтыланады.
Leave a Reply