“Рахмет саған ,Анашым! Бізге – 5 жыл!

Балалардағы церебралды паралич ауруына шалдыққан мүмкіндігі шектеулі 18-35 жас аралығындағы ерекше балаларға арналған орталық ашқанымызға көзді ашып-жұмғанша 5 жыл толды. Осы аз уақыт ішінде біз көптеген қиындықтардан өттік. Қазір орталық жұмысы біртіндеп жүйеленіп келеді. Жуырда 5 жылдығымыды атап өту мақсатында  қайырымдылық іс -шарасын  өткіздік.

       Соңғы екі жылда Шымкент қаласыныңс жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан мемлекеттік тапсырыс арқылы 20  балаға қызмет көрсетуге қаржы қарастырылды.        Бұл біз үшін үлкен мүмкіндік.              Айта кетейік, 5  жыл  ішінде  жеткен жетістіктеріміз үшін бізге көмек берген барлық жандардың алдында есеп беріп, атқарған жұмысымызды көрсеткенді жөн санадық.

          Қайырымдылық іс-шарасы көпшіліктің көмегімен жүзеге асатыны сөзсіз.  Ең әуелі біздің бастамамызға қолдау білдірген «Шымкент қаласының әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Баян Жандосова,  қалалық  білім басқармасы әдістемелік бөлімінің басшысы Меруерт Медетбекова көмегімен мектепте қолдан жасалған бұйымдарды  сатып, одан түскен қаражатты орталықтың шотына аудауына көмек бергені үшін Алғыс айтамыз.

 «Көңіл -көңілден су ішеді» деген қазақтың даналық сөзінің біз үшін мәні зор. Мүмкіндігі шектеулі балалардың бір сәт көңілін аулап, қуанышымызды бөлісе келген    Шымкент қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі,   “Қызмет“ газетінің  бас редакторы Бексенкүл Нарымбетова, “Темірқазық — ой“ газетінің бас  редакторы Анар Сүлеева,  жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкерлеріне рақметімізді айтамыз.

                       Алмагүл КЕНЖЕТАЕВА,

«Рақмет саған, анашым!» қоғамдық бірлестігінің төрайымы. 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика