Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері ел еңсесі көтеріліп, экономикамыздың қарыштап дамуының арқасында баспана қажеттілігі туындаған және әлеуметтік аз қамтылған халықты лайықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің жолдары ашылуда. Мемлекетбасшылары тұрғын үй құрылысын дамыту саясатынқарқынды жүргізіп келеді. Билік тарапынан күрмеулімәселенің түйінін тарқатар түрлі мемлекеттікбағдарламалар жасалып та жатыр. Өңірлердідамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы, «НұрлыЖер», «7-20-25», «Бақытты отбасы» бағдарламаларыарқылы тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту ел азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз етудің негізгіөзегіне айналды.
Соңғы 15 жылда Қазақстанда пайдалануғаберілетін тұрғын үйдің көлемі 2,6 есе өскен. Тұрғын үй құрылысына тартылатын инвестицияларкөлемі 5,6 есеге артса, тұрғын үй құрылысына 3,6 трлн тенгеден астам жеке инвестиция тартылыпты.
Мұндай бағдарламалар Шымкент қаласында жүзеге асырылып келеді. Жуырда Шымкентте тұрғын үй кезегінде тұрған 83 отбасы баспаналы болды. Оның ішінде халықтың әлеуметтік әлсіз тобына 55 арендалық пәтер пайдалануға берілсе, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 13, көпбалалы отбасыларға 15 пәтер қолданысқа берілді. Бұдан бөлек былтырғы жылдан өтпелі болған 164 пәтермен жыл басынан бері кезектегі азаматтар қамтылған болатын. Аталған тұрғын үйлердің сатып алу құқығы жоқ.
Бұл туралы тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Утебаева азаматтарды қабылдауда айтып өтті. 2022 жылы азаматтардың пайдалануынажалпы 1 605 пәтер табысталу жоспарланған. Oныңішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсызқалған балаларға-54, көпбалалы отбасыларға-476, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына — 218, жұмыс істейтін жастарға-857. Бүгінде 1605 пәтердің 83-і түрлі санаттар бойынша ел игілігенетабсталып отыр. Қалған жалдамалы баспаналаржоспарға сәйкес жыл соңына дейін кезең-кезеңіменберілетін болады.
Айта кету керек, басқарма басшысы 40-қа жуықтұрғынды баспана мәселесіне қатысты қабылдауөткізіп, Заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізеотырып, оның шешілу жолдарын қарастырды. Қабылдауда болғандардың қатарында кезеккетіркелген көпбалалы отбасылар, халықтыңәлеуметтік әлсіз топтары, сондай ақ зейнеткерлербар. Тұрғын үй кезегінде тіркелген азаматтарғажалдамалы баспаналар кезек реті бойыншаберілетіндігін жеткізді.
Адам өмірінде ең керекті нәрсенің бірі – баспана. Баспана мәселесі бүгінгі күннің өзектімәселелерінің бірі. Дана халқымыз: «үйің болмай – күйің болмас» деп бекер айтпаған. «Өз үйім-кеңсарайдай боз үйім» дегеді де біздің халық айтқан. Баспаған ие болу әрбір адамның асқақ арманы. Кімде болса шаңырағы биік, іргесі берік өз үйіболғанын қалайды емес пе?!
Ендеше, баспаналы болған жандарға қоныс құтты болсын, берекел баспана болсын деп тілейміз.
Дамира КАМАЛ.