Банк картасымен көбірек бонус қалай жинауға болады

Әрқайсымыздың өз талғамымызға орай жиі баратын сүйікті дүкендеріміз бар. Біреулер апта сайын кітап дүкеніне бір кіріп-шығуды әдетке айналдырса, енді біреулері сауда орталықтарынан шықпайды, тағы келесілер қалаған затын интернеттен сатып алуды жөн көреді. Осы орайда банктер де клиенттеріне жағдай жасап, олар үшін тиімді бонус жүйесін құруда. Бүгінгі материалымызда Jusan картасы арқылы сауда жасап, қалай тиімді бонустарға иеленуге болатыны жайлы айтып бермекпіз. 


Картамен барынша көбірек төлеңіз

Күнделікті жасайтын сауда үшін тек картаны қолдануды әдетке айналдырыңыз. Өйткені онымен барынша көп сауда жасасаңыз, соғұрлым қайтқан бонустар да көп болады. Ал бұл қолма-қол ақшамен есеп айырылысқанға қарағанда әлдеқайда тиімдірек, себебі бонустардың көмегімен тағы да қосымша арқылы сауда жасай аласыз.

Мәселен, Jusan-ның төлем карталарын қолданушылары 2%-ға дейін бонус иелене алады. Бонустар үш түрлі деңгей бойынша беріледі.

Бірінші деңгей – Silver деп аталады, бұл деңгейдегі клиенттер Jusan картасы арқылы жүргізілген әрбір төлем үшін 0,5% көлемінде бонус иеленеді. Silver деңгейі картаны жаңадан ашқан әрбір азаматқа тағайындалады.

Екінші Gold деңгейіндегі клиенттерге 1% бонус беріледі. Бұл деңгейге өту  үшін ай сайын Jusan картасымен 30 000 теңгеден жоғары сомаға төлем жасау қажет.

Ең жоғарғы Premium деңгейіне өткендер әрбір сатып алынған зат пен қызмет үшін 2% бонус ала алады. Premium деңгейі карта арқылы бір айда 70 000 теңгеден астам сомаға сауда жасап, Jusan Invest-те брокерлік шот немесе Jusan Garantсақтандыруына ие (екеуінің бірі болуы керек) клиенттерге тағайындалады.

Сауда жасағанда мобильді қосымшаны пайдаланыңыз 

Сауда орталығы мен дүкендерден гөрі банктің мобильді қосымшасында зат сатып алу уақыт жағынан да, қаражат жағынан да ұтымды шешім. Бұған қоса  қосымшада апта және ай сайын өткізілетін науқандар аясында көбірек бонус иеленуге болады.

Jusan дүкенінде азық-түліктен бастап, көлік жабдықтары, жануарлар тауарлары мен зергерлік бұйымдарға дейін сатып ала аласыз. Ең тиімдісі, мұнда әртүрлі санаттар бойынша 10%-ға дейін бонус беріледі. Бонустың бір айдағы максималды шегі 35 000-ға, ал бір төлемнен берілетіні 10 000-ға дейін жетеді. Бір айта кетерлігі, бонустар тіпті тауарды бөліп төлеумен сатып алған кезде де тағайындалады.

Тауарлардан бөлек, Jusan дүкенінде спорт және сұлулық, білім беру, медицина, туризм, сақтандыру және жөндеу салалары бойынша қызметтерге қол жеткізуге болады. Бір айта кетерлігі, дүкенде сауда жасап, қызметті пайдалану үшін міндетті түрде банк клиенті болудың қажеті жоқ.

Банк жеңілдіктерінен құлағдар болыңыз

Кейбір азаматтар төлем картасын ашқан соң, оның мүмкіндіктеріне аса мән бермейді. Кей кездері банктің науқандары жайлы да хабарсыз болып жатады. Алайда көбірек бонусқа ие болу үшін банк ұсынатын барлық ақпаратты қалт жібермеген жөн. Өйткені оның арасында тиімділері болары анық.

Jusan мобильді қосымшасының әрбір қолданушысы керемет жеңілдіктерге ие болады: мұнда сауда санаттары  бойынша жоғары бонустар тағайындалады. Сауда санаттары  сатылатын зат пен қызмет түрі бойынша бөлінеді.  Әртүрлі деңгейге байланысты айына 15%-ға дейін бонус түсетін бірнеше санат таңдауға болады (Silver – 1 сауда санаты, Gold – 2 сауда санаты, Premium – 4 сауда санаты).

Санаттар:

  • Дәмханалар мен мейрамханалар – 5% бонус. Барлық дәмханалар, мейрамханалар, кофеханалар, кондитерлік дүкендер, жылдам тамақтану мейрамханалары және т.б.
  •  Киім-кешек – 5% бонус. Ерлер, әйелдер мен балалар киімі, аяқ киім дүкендері.
  • Сұлулық салондары және косметика– 7% бонус. Парфюмерия дүкендері, сұлулық салондары және шаштараз.
  • Онлайн кино және музыка – 15% бонус. Megogo, Netflix, Amedia, Amediateka, IVI, Яндекс плюс, Spotify, Apple music және т.б. стримингтік және музыкалық сервистер.
  • Жаттығу залдары мен SPA – 5% бонус. Фитнес, билеу, жүзу, теннис, массаж, косметикалық орталықтары және SPA.
  • Жиһаз – 5% бонус. Электр жабдықтарын қоспағанда, жиһаз және тұрмыстық бұйымдар.
  • Ойын сервистері – 10% бонус. Қосымшаларда, ойындарда, Steam-де және басқа ойын дүкендерінде сауда.
  • Медициналық қызметтер – 5% бонус. Медициналық орталықтар, ауруханалар, стоматология және лабораториялар.
  • Саяхат – 5% бонус. Барлық әуе желілерінің билеттері, туристік агенттіктер және экскурсия ұйымдастырушылар.
  • Такси — 5% бонус. Барлық такси қызметі.

Бұдан бөлек Jusan Mobile (15 %) және Jusan Garant қызметтері бойынша да жоғары бонустар (25 %) қарастырылған.

Санаттарды таңдау мүмкіндігі айына бір рет беріледі. Таңдау жасалған соң айдың соңына дейін дәл осы санат бойынша жоғары бонус түсіп отырады. Ал келесі айдан бастап оны өзгертуге немесе қалдыруға болады.

Егер сіздің Jusan Bank-те картаңыз болмаса, қам жемеңіз: оны банктің мобильді қосымшасында тез әрі оңай аша аласыз. Jusan қосымшасын App Store жүйелерінен жүктеп алып, жеке кабинет ашу қажет. Тиісті деректерді енгізіп, картаны үйге немесе жұмысыңызға тегін жеткізуге тапсырыс бере аласыз. Ал егер пластик карта қажет болмаса, онда оның виртуалды түрін таңдау қарастырылған. Виртуалды картаның қарапайым картадан еш айырмашылығы жоқ. Оның көмегімен клиент банктің барлық қызметіне, атап айтсақ, онлайн түрде сауда жасап, төлемдер мен бонустардың барлық түріне қол жеткізеді. Қалаған жағдайда, оны NFC төлем жүйелеріне (Apple Pay, Samsung Pay) қосуға болады.

Айта кетсек, Jusan карталарымен үш валюта бойынша (KZT, USD, EUR) төлем жасауға болады. Сонымен қатар қажет болған жағдайда мобильді қосымшаның көмегімен тағы ресейлік рубльді қоса аласыз. Карта ашу және екі жыл бойы қолдану тегін, мұнымен қоса Jusan банкоматтарынан 1 млн теңгеге дейін, ал басқа банктердің банкоматтарынан 500 мың теңгеге дейін комиссиясыз қаражат шешіп алу қарастырылған.

Қызмет ақпарат

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика