Үй алу үшін ай сайын қанша ақша табу қажет? Ипотекаға қатысты маңызды 10 сұраққа жауап

Ипотекаға үй сатып алу үшін несиенің ай сайынғы төлем сомасы табыстың 50%-ынан аспауы керек.

Қазақстанда ипотеканы екінші деңгейлі онға жуық коммерциялық банк пен мемлекет қатысатын «Отбасы банкі» береді. Екінші деңгейлі банктердің сыйақы мөлшерлемелері (ЖТСМ) 17,5%-дан басталады. Ал «Отбасы банк» ең төменгі мөлшерлемені ұсынады. Қазақстанда ипотекаға үй алу үшін қанша ақша табу керек? Алғашқы жарнаны жинауға қанша уақыт кетеді? Informburo осы және өзге сұрақтарға жауап береміз.

№1. Қазақстанда қанша банк ипотека береді?

  • Қазақстанның Халық банкі;
  • Банк ЦентрКредит;
  • Bank RBK;
  • Freedom Bank;
  • Нұрбанк;
  • Altyn Bank;
  • ForteBank;
  • Қазақстандағы Қытай Банкі;
  • Шинхан Банк Қазақстан;
  • «Отбасы банк».

№2. Нарықтық ипотеканы алу үшін ай сайын қанша ақша табу керек?

Барлық несие бойынша жалпы төлем сомасы табыстың 50%-ынан аспауы керек. Мысалы, ипотека бойынша төлем 200 мың теңге болса ай сайын кемінде 400 мың теңге табуыңыз қажет.

Қарызды рәсімдеу үшін төлем қабілеттілігін растау міндетті. Төлем қабілеттілігін растау үшін соңғы 6 айдан кем емес кезең үшін табысты растау талап етіледі. Тұрғын үй қарызын рәсімдей кезінде қарыз алушының төлем қабілеттілігі жинақ туралы келісімшарттың барлық талаптарын орындаған кезде жеткілікті болып есептеледі.

№3. Ипотеканы рәсімдеуге қандай құжаттар қажет?

Негізгі құжаттар:

  • жеке куәлік/паспорт;
  • кірісі және соңғы алты айтағы зейнетақы аударымдары туралы анықтама;
  • бағалау туралы есеп, сатып алатын мүліктің құжаттары.

Әр банк қосымша құжаттар сұрайды.

Қызмет ақпарат

  • Related Posts

    Психологический тренинг «Идем с уверенностью на ЕНТ»

    На сегодняшний день Единое национальное тестирование (ЕНТ) – один из важнейших этапов системы образования в стране. Этот тест играет решающую роль в выборе будущей профессии учащимися. Поэтому для школьников этот…

    Районный этап республиканской олимпиады прошел в школе «TALANT№2»

    В декабре 2024 года среди школ Абайского района города Шымкента прошел районный этап республиканской олимпиады по общеобразовательным предметам для учащихся 9-11 классов. Оба дня олимпиады были организованы в общеобразовательной школе…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика