ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ

tories/oven.jpg» width=»150″ height=»120″ alt=»oven» style=»float: right;» />

ТОҚТЫ
21.03-20.04

Бұл апта керемет мүмкіндіктерге толы болғалы тұр,  ал оны қалай таңдап, пайдаға асырасыз – бұл сіздің құзырыңыздағы іс, тек қана өзіңізге байланысты шаруа. Сақтық шараларын қарастырыңыз да болашағы жарқын болады-ау дегенін іріктеп алып, іс-жоспарын құрып, әрекетке көшіңіз. Әрине, ол үшін басыңызды ауыртып тынбай жұмыс істеуге, күш-қуатыңызды аямай,уақытыңыздың көп бөлігін арнауға тура келеді, есесіне жеке өміріңізде де, жұмыста да, қаржыда да тұрақтылыққа қол жеткізесіз.

tories/telec.jpg» width=»150″ height=»120″ alt=»telec» style=»float: right;» />

ТОРПАҚ
21.04-20.05

Достарыңыз немесе серіктестеріңіздің қолдауына сүйене отырып, жоспарларыңызды жүзеге асыруды бастаңыз. Діттеген мақсатыңызға тек қана  әрекет, еңбек жеткізеді. Ал, жетістікке жету үшін өзіңіздің біліктілігіңіз бен күш-қуатыңызға деген сенімділік керек, қалғанының бәрі тынымсыз еңбекке ғана байланысты болады.Жұмыстан қорықпаңыз! Сонда ғана қаржылай жағдайыңызды жақсартып, мансабыңызды көтеріп, жеке мәселелеріңізді тиянақты әрі оң шеше аласыз.

tories/blizneci.jpg» width=»150″ height=»120″ alt=»blizneci» style=»float: right;» />

ЕГІЗДЕР
21.05-20.06

Сізге өзіңізбен жұмыс істеуге тура келеді, нені қалайсыз, қандай проблемаларыңыз бар? Анықтап алыңыз.Алдағы болатын оқиғалардың өрбуі сіз осы мәселелерді қалай шешесіз, соған тікелей байланысты болады. Аталған жағдайлар жеке өміріңіз, көңіл-күйіңіз, материалдық жағдайыңызға да әсерін тигізеді. Бұл кезең тек қана қиыншылықтарымен ерекшеленеді екен деп салыңыз суға кетпесін, жан-жағыңызға жақсылап қарасаңыз оларды сәтті шешудің сандаған мүмкіндіктерін де көресіз, барлығы тек қана өзіңізге байланысты.

tories/1393943099_goroskop-rak-2.jpg» width=»150″ height=»120″ alt=»1393943099_goroskop-rak-2″ style=»float: right;» />

ШАЯН
21.06-22.07

Ойыңызға  алған шаруаңыз бар ма? Олай болса шегінуге жер жоқ деп есептеңіз де сол ойыңыздағы істі апта соңына дейін аяғына жеткізуге бар күшіңізді салыңыз. Тек қана шегінбеңіз, тағдыр табандылар мен  батылдарды жалпы алғанда қайсар жандарды ғана қолдап, қорғайды, сіздің міндетті түрде жолыңыз болады. Ынта-ықыласыңыз бен күш-жігеріңіз, болатын-болмайтынды шынайы бағалай біліңіз, бұл сізге бұрынғы қателіктеріңізді қайталамауға, кемшіліктерді қайталамауға көмектеседі.

tories/leo.jpg» width=»150″ height=»120″ alt=»leo» style=»float: right;» />

АРЫСТАН
23.07-23.08

Шығармашылығыңызда дағдарыс байқала ма, қамықпаңыз, оған қатысы бар жұмыстарыңызды уақытша қоя тұрыңыз да басқа шаруалармен айналысыңыз, тұрмысыңыздағы кейбір мәселелер сіздің араласуыңызды күтіп тұрғалы қашан?! Өз бетіңізше ілім іздеп, біліктілігіңізді көтеретін уақыт та келді, мұның бәрі алдағы жұмыстарыңыз үшін керек-ақ. Апта ортасынан ауа сізге өте пайдалы ақпараттар,ұсыныстар түседі, түрлі кездесулер көбейеді, қараңыз да тұрыңыз ішіңіз пысатындай уақыт та қалмайды.

tories/deva.jpg» width=»150″ height=»120″ alt=»deva» style=»float: right;» />

БИКЕШ
24.08-23.09

Әрекет істеуге асықпаңыз. Қандай да бір шешім қабылдамаңыз, алдымен оңы мен солын, өзіңіздің барлық күш-жігеріңіз бен мүмкіндік-теріңізді әбден таразыға салып, зерделеп алыңыз. Бұл сізге алдағы уақытта орын алатын кемшіліктердің алдын алуға көмектеседі. Мүмкін-дігінше  сыпайы болып, әдептілік танытыңыз, әріптестеріңіз бен басшылыққа құрметпен қараңыз. Апта соңына қарай қуанышты хабар естисіз. Ойын-сауық қууға лайықты кезең емес, сондай-ақ жеке басыңызға қатысты шешім қабылдауды да кейінге қалдырыңыз.

tories/vesi.jpg» width=»150″ height=»120″ alt=»vesi» style=»float: right;» />

ТАРАЗЫ
24.09-23.10

Дос, жолдас табуда жолы болған адам екеніңізді өзіңіз ескере бермейсіз. Әйтпесе, жақын достарыңыз бен ет жақындарыңыздың сізді сүйетіні сонша қашанда болса тұрмыстағы мәселелерді сізге білдірмей-ақ шешіп тастап жатады, ал қалған шаруаларды сіз керемет үйлесіммен тындыра аласыз.Бұл аптаны сол жандардың өмірін жақсарта түсуге  арнаңыз, көбірек көңіл бөліп, қамқорлық жасаңыз.Егер отбасы қарым-қатынасы мықты болса, сіздің кәсібіңізде, шығармашылығыңыз да жемісті болады емес пе?!

tories/1262862206_scorpio.jpg» width=»150″ height=»120″ alt=»1262862206_scorpio» style=»float: right;» />

САРЫШАЯН
24.10-21.11

Бұл аптада әсіресе, қарым-қатынас мәселесіне мұқият болыңыз,істе де тиянақты болған жөн.Отбасы мүшелері мен ағайын-туыс арасында туындаған проблемаларды шешуде де сақтық танытсаңыз ұтылмайсыз.Бұл кезең материалдық жағдайыңызды көтеріп алу үшін өте қолайлы. Қолда бардың бәрін өмірлік ұстанымыңызды және қаржылай жағдайыңызды  бекемдей түсу үшін пайдаланыңыз.Бұл сіздің қолыңыздан келеді.

tories/strelec.jpg» width=»150″ height=»120″ alt=»strelec» style=»float: right;» />

МЕРГЕН
22.11-22.12

Бұл аптада сіз бірқатар  өзгерістер мен қайта құрулардың бақылаушысы емес, қатысушысы боласыз. Айналыңызда болып жатқан оқиғалар-ды мұқият зерттеп бағасын беріңіз. Солай еткенде ғана ахуалды өз пайдаңызға икемдеп басшылық жасай аласыз, бірақ асықпаңыз, барлығы сіздің әлеуметтік дәрежеңіз бен қазіргі жағдайыңызға қарай өзінен-өзі жүзеге асады. Айтқандай соңғы кезде осы шығыныңыз көбейіп кеткен жоқ па, байқаңыз, жағдайды бақылаудан шығарып алмағаныңыз өзіңіз үшін пайдалы болмақ.

tories/images.jpg» width=»150″ height=»120″ alt=»images» style=»float: right;» />

ТАУЕШКІ
22.12-19.01

Сізге қолайлы сәтті күткеннен басқа амал қалмай тұр. Бұған дейін асығыс шешім қабылдап, сәтсіз қадам жасап қоюыңыз әбден мүмкін, «жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды» деген емес пе? Бәрі алда, болашаққа жоспар құрыңыз, туыстарыңыз, достарыңыз, әріптестеріңізбен қарым-қатынаста шыдамдылық танытыңыз. Қаржылай жағдайыңызда өзгеріс бола қоймайды, бұрынғы қалпында. Апта бойы бар күш-жігер, уақытыңыз бен мүмкіндіктеріңізді отбасы, бала-шағаңыздың жағдайын жасауға жұмсасаңыз ұтар едіңіз.

tories/vodolei.jpg» width=»150″ height=»120″ alt=»vodolei» style=»float: right;» />

СУҚҰЙҒЫШ
20.01-19.02

Бұл аптада сіздің оңаша қалғыңыз келеді, әрекет еткеннен гөрі ойланып-толғанғанды, бәрін ақылдан өткізгенді жөн санайсыз. Оған қарсылық көрсетудің де керегі жоқ, анда-санда бұлай еткен де жөн, алдағы жұмыстарыңызға жоспар жасайсыз, стратегияңызды анықтап, нақтылайсыз. Оның үстіне көңіл-күйіңіз, жан-дүниеңіз бен қаржылай жағдайыңыз да ойыңыз-дағыдай. Серіктестеріңіз бен одақтастарыңызды бағалаңыз, туыстарыңыз бен балаларыңызға қамқорлық көрсетіңіз. Сәттілік үйіңізге келіп тұр.

tories/ribi.jpg» width=»150″ height=»120″ alt=»ribi» style=»float: right;» />

БАЛЫҚТАР
20.02-20.03

Танымал жандар үшін өте қолайлы кезең, ал, егер көптің бірі болсаңыз өзіңізді көрсетудің сәті түсіп-ақ тұр. Ерлік көрсеткіңіз келе ме, оның да сәті кез-келген мезетте түсе қалуы әбден мүмкін.Ал,ойыңызда жүргенді жүзеге асырар болсаңыз, нәтижесін көру көп күттіре қоймайды. Айналаңыздағыларға қаржылай немесе моралдық тұрғыда көмек көрсету, қолқабыс еттіңіз екен, Сәттілік сіздің қаржылай істеріңіздің жақсара түсуіне жағдай жасай қояды. Ендеше, не тұрыс?!










Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика