Мектеп асханалары толығымен электронды «төлем»жүйесіне өтеді. Қазіргі таңда бұл жүйе қаламыздағы 52 жеке және 54 мемлекеттік меншік мектептерінде енгізілген. Бұл дегеніміз, тегін тамақпен қамтылған оқушылар асханамен қоғамдық көлікте қолданатын «ТӨЛЕМ» картасымен есеп айырысады. Сондай-ақ, ата-аналар» Төлем» қосымшасы арқылы балаларының қалай және қандай тағамдармен тамақтанып жатқандығын көріп отыра алады.
Шымкенттегі мектептің 50 пайыздан астамына «электронды асхана» жобасы енгізілді. Ал жаңа жылға дейін бұл көрсеткіш 100 пайызды құрайды. Білім ордасында тамақтанған бүлдіршіндер қолма-қол ақшамен емес, “төлем” картасымен есептеседі. Тегін тамақпен қамтасыз етілген бастауыш сынып оқушыларының ата -анасы арнайы қосымша арқылы баласының қандай тағам ішкенін бақылай алады. Ал келер жылдан бастап мектеп асханасынан тамақтанатын барлық оқушы төлем картасын қолданып, қаржысын үнемдей алады.
«Жас қанат» бастауыш мектебі электронды төлем жүйесін енгізген мектептің бірі. Қазір мұнда тегін тамақпен қамтылған оқушылар мектеп асханасымен қоғамдық көлікте қолданаты төлем картасымен есептеседі. Ол үшін арнайы терминалда орнатылған. Каратын бір рет ұрған оқушы сол күні екінші рет қолдана алмайды. Тың тәсілдің бюджет қаржысын үнемдеуге пайдасы бар. Өйтені сабаққа келмеген оқушының пайдаланбаған күндері жүйеде анық көрініп тұрады.
Оразкүл Молдабаева, «Жас қанат» мектебінің директоры: «Ол өте жақсы нәрсе. Төлемнің қосымшасын телефонға қойып алып, кез-келген уақытта тексере берсе болады. Ата-аналарға қолайлы, баласы қай уақытта асханаға кірді, қандай тамақ ішті біліп оытрады. Егер қосымшасы жоқ ата-аналар болса, сынып жетекшісі өзі-ақ суретке түсіріп, жіберіп отырады».
Әр баланың бір реттік тамағына бюджеттен 484 теңге бөлінген. Ал келер жылдан бастап, қоғамдық көліктерде қолданылатын төлем картасы, оқушылар үшін әмбебап картаға айналмақ. Яғни тегін тамақпен қамтылмаған оқушылар да асханадан алған тамақтар үшін картамен есептесу мүмкіндігіне ие болады. Тіпті қолма-қол төлейтіндер үшін баға он пайызға қымбат болады деп күтілуде. Ата-аналар баласының қолына ұстатын қаржысын картаға аударса болады. Арнайы лимит қойса да болады. Осы арқылы балалар арасында ақша сұрау немесе ұрлау фактілері жойылады деп күтілуде.
Сержан Ақылбаев, «Qaz Smart Trans» компаниясының өкілі: “ Тегін тамақты тіркеу бойынша жеделтетілген жұмысқа көштік. Келесі жылдан бастап, барлық балдар қолындағы картасымен келіп, төлеп, буфеттен керегін ала алады. Картаны кез-келген банк қызметі арқылы толтырады. Терминалдың барлығында бар. Немесе төлем қосымшасы арқылы жасай алады».
Leave a Reply