ИГІЛІК ТҰРҒЫН АЛАБЫН ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ НӘТИЖЕЛІ ЖҮРІП КЕЛЕДІ

Абай ауданы Игілік тұрғын алабында 1 319 отбасы қоныстанған. Халық саны 8431 адамды құрайды. Бүгінде Игілік тұрғын алабы, 2021 жылғы атқарылған жұмыстар нәтижесінде сапалы ауыз сумен толық қамтылған. Биылмен санағанда табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 100 пайызды құрап отыр.
694 үй мемлекеттік жүйеден электр қуатын алуда. Трансформатор жарығын қолданып отырған 625 үйді сапалы электрмен қамту мақсатында 2021 жылы құрылыс жұмысы аяқталған. Қазір абоненттеу жұмыстары 250 үйде аяқталып, қалған үйлерге де қосу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен бірге, Тұрғын алаптағы «Терешкова» көшесіне жарықшамдар орнатылуда. Жалпы 43 көшенің 11-і асфальт, 22-тас жол, қалғаны топырақ жолдар. 2021 жылы атауы жоқ №6 көшеге шағал тас төселді. Биылдан бастап атауы жоқ 32,33,34,35, Жаңақұрылыс (Көксарай дүкен), Сіргелі 1, 2, 3, 4, 5, 6, Баба ата жалпы саны 10 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Елдімекендердің инфрақұрылыммен қамту жұмыстары 2021-2025 жылдарға арналған жоспарға сай, реті және кезегімен жүргізілуде.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика