Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданында алдағы күзгі, қысқы жауын-шашын маусымында су басудың алдын алу мақсатында дайындық шаралары жүргізілуде. Ауданның басты және аулаішілік көшелерінің бойында ирригациялық арықтар мен жол жиектері жапырақтардан тазартылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар аудан әкімінің назарында болғандықтан, жіті қадағаланады. Тұрақты түрде жалғасады.
Айта өтейік, Әл-Фараби ауданы аумағындағы ішкі орамдық көшелер мен аулаішілік аулаларда санитарлық тазалық жұмыстары жиі жүргізілді. Аумақта шөп орылып, сынған бұталар шығарылуда. Сондай-ақ, ағаштарды әктеу, санитарлық қырқу жұмыстары да қарқын алған.
Айта өтейік, әл-Фараби ауданы үшінші мегаполистің қақ ортасында орналасқан. Қаланың айнасы болғандықтан, орталқы көшелердегі тазалау жұмыстары бір сәтке тоқтамайды. Аялдамалардың айнасын, айналасны ала жаздай сабын сумен жуып, көптің көңілінен шыққан. Енді қыс ауасы қарын ашып, ирригациялық жүйесін таза ұстау міндеті тұр. Сондықтан да салғырттық танытуға болмайды. Аудан әкімі тазалық мекемесінің жұмысшыларын ғана емес, бүкіл аудан жұртышылығын арық-атызды тазалауға шақырады. Әркім өз ауласындағы немесе үй жанындағы ирригациялық арықтарын тұрмыстық және құрылыс қалдықтарынан уақтылы тазаласа, белшеден жаңбыр суын кешпейміз деп отыр.
Еске салайық, жалпы қалалық тазалық күнінде Әл-Фараби ауданында сенбілік жұмыстары Қарасу шағын ауданы 67,69 көпқабатты үйлерінің ауласында өтті. Санитарлық тазалық кезінде балалар алаңшасы сұйық сабынмен жуылып, ойын элементтері сырланған болатын. Тұрғындарға қолайсыздық келтіретін қураған ағаш бұталары кесіліп, аулалар сыпырылды.
Сондай-ақ, аудан аумағындағы қоқыс алаңшалары тазартылды. Аталған жұмыстарға Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, 11 арнайы техника және 120-ға жуық жұмысшы жұмылдырылған.
Leave a Reply