2024-09-23

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ БОЙЫНША ФРАКЦИЯ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

«AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалында қалалық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мәжілісі өтті. Жиынға фракция мүшелері, партия филиалы жанындағы агроөнеркәсіп кешені комитетінің төрағасы Қайрат Имашев, Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыров қатысты.
Фракция жетекшісі Төлеген Бекайдаров жүргізіп отырған жиынға қатысушылар Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын насихаттау бойынша әңгіме өрбітіп, басым бағыттар бойынша пікір алмасты.
– Биылғы Жолдау Президент бастаған саяси жаңғыру процесінің экономикалық өзгерістермен жалғасатынын көрсетіп отыр. Саяси-құқықтық трансформация халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған нақты іс-шаралармен жалғаспақ. Бұл мемлекеттің дамуы үшін қажет өзгерістердің кешенді түрде және кезең-кезеңімен қолға алынып жатқанын айқындайды. Мемлекет басшысы өз Жолдауында қарапайым халықты толғандырған нарықтық тұрақсыздық, бағаның өсуі, құрылыс және аграрлық секторларды дамыту, жерді игеру, салық мәселелері, ұлт денсаулығын сақтау жолындағы бастамалар мен тың реформаларды жүзеге асырудың қажеттігіне баса назар аударды, – деді Бекайдар Мұсаұлы.
Жиында, сондай ақ, Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыровтың басқармада 9 айда атқарылған жұмыс туралы есебі тыңдалды.
Шымкентте 60 мың гектар ауыл шаруашылығы жері бар.Оның 20 мың гектары жайылымдық жер. Қазір қала аумағында 70 мың басқа жуық ірі қара бар. Мемлекет мал басын асылдандыруға басымдық беріп отырмыз. Егер фермер асыл тұқымды мал сатып алса, ірі қараның әрбір басына 400 мың теңгеге дейін субсидия беріледі. Жалпы, ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттік қолдау көрсетуге бюджеттен 1 миллиард 49 миллион теңге бөлінсе, оның ішінде мал азығын субсидиялауға 248 миллион теңге жұмсалмақ.

Спикердің  айтуынша, қуаңшылыққа байланысты жем-шөпке арнап та субсидия төленеді. Мәселен, биыл оның мөлшері асыл тұқымды ірі қараның аналығына жылына 70 мың теңгені құрайды. Егер сиыр аралас тұқымды болса, 50 мың теңге, шаруа мал болса, 30 мың теңге төленеді. Жылқыда әр сауын биеге 30 мың теңге, аналық қойдың әр басына 8 мың теңге субсидия беріледі. Дегенмен, мұндай көмекке қол жеткізу үшін жылқы мен ірі қараның 50 бастан, қой 300 бастан кем болмауы тиіс. Мемлекеттің осындай көмегінің шарапатын көріп, шаруасын дөңгелетіп отырғандардың бірі — Кәрімжан Егемназаров. Алғаш рет осыдан 3 жыл бұрын Нимдерландыдан голштин тұқымды 35 бас бұзаулы сиыр әкелген шаруашылықта бүгінде 220 бас ірі қара бар. Оның ішінде 140 басы сауын сиыр екен.

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика