«Қазақша білмегеніме ұялдым»
tories/assambleya.jpg» width=»200″ height=»150″ alt=»assambleya» style=»vertical-align: middle;» />
Шетелге барған іссапарларымның бірінде менен — Қай мемлекеттен келдіңіз? — деп сұрады.
– Қазақстаннан.
– Қазақша білесіз бе?
– Жоқ.
– Сіздер қандай адамсыздар дәм-тұзын татып, тұрып жатқан елдеріңіздің тілін қалай білмеуге болады? – деді.
Қатты ұялдым. Елге келе салысымен немерелерімді қазақ мектебіне беріп мемлекеттік тілді меңгерулерін қолға алдым.
Бұл Мақтарал ауданы «Мухамедвали аль Кан» шаруа қожалығының төрағасы – Владилан Петрович Канның маусымның 19-ы күні өткен Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан Халқы ассамблеясының XVIII сессиясында сөйлеген сөзінен үзінді. Отырғандарға ой салған сөздің бірі осы болды. Кемшілікті мойындау да ерлік.Оны мойындадық. Мемлекеттік тілге деген құрметті аңғарып көңіліміз тасы да. Шіркін-ай, жұрттың бәрі осылай ойлап, әрекеттенсе ғой дедік.
«Мәңгілік ел» — жалпықазақстандық бірегейлік негізі» тақырыбындағы жиынға облыс әкімі Асқар Мырзахметов төрағалық етті. Алдымен өңір жұртшылығы мен түрлі этнос өкілдерін Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен құттықтады. Кейін облыстағы бірқатар этномәдени орталық өкілдеріне өздерінің ұсыныс-пікірлерін жеткізген жарыссөздер басталды.
Сөзге шыққандардың ішінде тұщымды ойын білдірген №5 Горкий атындағы жалпы орта мектебі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, күрд этно-мәдени бірлестігінің мүшесі – Гүлизар Надирова болды. Орыс тілінде Ұлттық бірыңғай тест тапсыратын оқушылардың қазақ тілі бойынша жинаған балдары да есептелуі қажет деген ұсынысын білдірді. Сондай-ақ, №1 Балалар мен жасөсіпірімдер спорт мектебі грек-рим күресінің жаттықтырушысы, облыстық түрік этномәдени бірлестігі жастар қанатының мүшесі – Сұлтан Ишанов
— Бүгінде қазақша күрес, тоғызқұмалақ, көкпар ойындарына барша этнос өкілдері қатысып жеңімпаз болып та жүр. Менің өмірлік мақсатым қазақтың ұлттық спорт түрлерін олимпиада ойындарына енгізу. Шәкірттерімнің олимпиада жеңімпаздары болып, Қазақстанның көк туын көкте желбіреткенін армандаймын, — деді.
Жарыссөзден кейін Үндеу жобасы қабылданып,мақұлданды.
Сессия соңында Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Розақұл Халмұратов ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалін облыс әкімі А.Мырзахметовтің өңіріне қадады. Ал, Асқар Исабекұлы Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге қосқан үлестері үшін бірқатар азаматтарға наградалар мен Алғыс хаттар табыстады. Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Ә.Әбішқызы
Leave a Reply