2024-09-19

1-7 ҚАРАША АРАЛЫҒЫНДА ТАБИҒИ ГАЗ ӨШЕДІ

Шымкент қаласында шағын аудандар мен құрылыс жұмысы аяқталған көпқабатты тұрғын үйлерді табиғи газға қосу үшін, ағымдағы жылдың 1-7 қарашасы аралығында төмендегі тұрғын үйлер мен шағын аудандарға таби газ беру кезең кезеңімен өшіріледі.
Төлеметов көшесінде 2 күн газ болмайды:
— «Көкжайлау» тұрғын үй кешені-12 дана
— Көпқабатты тұрғын үйлер- 34 дана (Бәйдібек пен Өтегенов көшелерінің аралығы)
— «TIP PARK» элиталык қала- жеке тұрғын үй – 110 тұтынушы.
— 2 жекешелендірілген мектеп, оның ішінде «Назарбаев» атындағы жеке мектеп
— Көпқабатты үйлерге арналған қазандық (котельная)
Бозарық шағын ауданы  бойынша-3 күн табиғи отын болмайтын көшелер:
— Өзбек, Ұста Мұхаммед, Қазақ радиосы, Шымған, Садовая көшесі-3100 тұтынушы
— 15 коммуналдық тұрмыстық тұтынушы, 5 дана оңдірістік мекеме.
Тұран шағын ауданын бір күнге көгілдір отын беру тоқтатылады:
— Тұран- 2 шағынауданы  ішіндегі көпқабатты үйлер (1300 пәтер) және коммуналдық тұрмыстық мекемелер мен өндірістік тұтынушылар;
«Ескі қала» бойынша – 2 күн (бұл мерзімге ВДГО кірмеген) газ өшеді:
ПГБ-135
— Бостандыкская, Хаят, Милицейская, Шымкентская, Узбекская, Турысова, көшелеріне қарасты 1125 абонент жер үйлер, көп қабатты 12 үй (380 пәтер)
— КТМ-18 дана және 5 дана ірі кәсіпорындар
ПГБ- 8
— МЖК, Текстиль аумағы мен Кабанбай батыра, Володарский, Юность, Анарова көшелеріне қарасты 234 жер үйлер және 35 дана көп қабатты үйлер (2055 пәтер)
— КТМ-18 дана және 7 дана ірі кәсіпорндар
«Әкімшілік іске орталығы»- 3,4 күн (бұл мерзімге ВДГО кірмеген)табиғи отынсыз қалады:
Абонент саны-8000
Қосымша сұрақтар бойынша 8771-949-92-60, 39-48-54, 99-80-33, 39-74-81 нөмірлеріне хабарласуыңызға болады.
Тақырыпқа тұздық: Шымкент қаласында 29 компания үй ішіндегі газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге тиісті аттестат алған.
Талдау жұмыстарының нәтижесінде қалада бүгінде 13 компания қызмет атқарады. Ал мұржалар мен желдеткіш арналарын тазалайтын 7 мекеме бар. Олармен тиісті шарт жасалуын цифрландыру мақсатында «I-Shymkent» порталына 13 компанияның тиісті мәліметтері енгізіліп, іске қосылды. Осылайша техникалық қызмет көрсетуге келісімшартты электронды түрде жасауға мүмкіндік бар.
Осыған байланысты жауапты мамандар қысқы мезгілде жылыту құралдарын пайдаланудың қауіпсіздігін сақтауға шақырады. Осыған орай қала тұрғындарына иіс газынан уланудың алдын алу үшін үйдегі газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуші мекемелермен келісімшарт жасау қажеттілігі түсіндірілуде.
Яндекс.Метрика