2024-09-19

«БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР ОРТАЛЫҒЫ» ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖАҒДАЙЫН ЖАСАП ОТЫР

Қазіргі таңда Шымкент қаласында «Белсенді ұзақ өмір орталығының» 2 бөлімшесі бар . Мұнда зейнет жасындағы азаматтар 4 сағат ал, жалғызбасты қарттар 8 сағатқа дейін жартылай стационар жағдайда қызмет түрлерін ала-алады. 2019 жылы орталықта көрсетілетін қызмет түрі 15 болса, қазір олардың саны 31-ге жеткен. Атап айтсақ, физиотерапия кабинеті мен сенсорлық терапиясы болса, тұз кеніші (солева шахта), АRT терапиясы (сурет салу өнері, саз қолөнері, құмтерапиясы), ерлерге арналған еңбек терапиясы (шеберханасы), караоке зал (ән айту), әсемдік жасару терапиясы және бассейн бар.
«Ардагерлермен зейнеткерлерге қамқорлық жасау, оларды қоғамның белсенді өміріне тарту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бүгінде орталықта 715 ке жуық зейнеткер арнаулы әлеуметтік қызмет түрін алуда. Қызмет алушылар орталыққа келгенде міндетті түрде бірінші дәрігерлік тексеруден өтеді. Апта сайын дендросаябаққа барып дене шынықтырумен және йогамен айналысады», — дейді «Белсенді ұзақ өмір орталығының» басшысы Мауия Сахибекқызы.
Орталыққа келу үшін жеке кәулік пен зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі, медициналық картаны толтырсаңыз жеткілікті. Осылайша, құрмет демалысына шыққан азаматтар қоғамдық, мәдени шаралардан да тыс қалмай, оларды қоғамға әлеуметтендіруде белсенді іс-шаралар жүргізілуде.

Жалпы бұл елімізде теңдесі жоқ бірегей жоба. Қазыналы қарттарға арналаған «Белсенді ұзақ өмір» орталығы ең алдымен Шымкент қаласында ашылған. Ал қазірде тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстанның 7 өңірінде жұмыс істеп жатыр. Ұлт саулығын арттыруға барынша көңіл бөлуге Президент тапсырма берген болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасы жергілікті жерде орындалып жатқанының бір көрінісі осы.  Мамандардың сөзінше бұл, мегаполистегі 83 мыңнан астам қариялар үшін жасалған жағдай.

Балмаржан Нарбекова, Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы: «Бұл қарияларымыздың бейнетінің, зейнетін көретін уақытында өздерінің замандастарымен, құрдастарымен уақыт уақыт өткізеді. Екіншіден бұл жерде дәрігерлік тексеру бар. Белсенді өмір сүру орталығы өзінің кезегімен халыққа қызмет көрсету орталығына құжат тапсыру арқылы кезек-кезегімен қамтылуда. Бір келген азамат, 3 ай қызмет ала алады. Құжаттарын өткізеді, кезек-кезегімен ол кісілерді шақыртып қай филиалға баратынын айтып, жаңағыдай өзінің үйіне жақын жерге жайғастыруға тырысады».

Яндекс.Метрика