2024-09-23

«ЗАҢ КЕРУЕНІ»: ШЫМКЕНТТЕ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТҰРҒЫНДАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРУДЕ

«Заң керуені» акциясына шымкенттік полиция қызметкерлері де атсалысып жатыр, тұрғындарға құқықтық кеңес беруде.  Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тапсырмасына сәйкес, еліміздің барлық өңірлерінде «Заң керуені» республикалық акциясы қарқынды өтіп жатыр.
Аталған жоба аясында Әл-Фараби ауданының прокуратурасы, полиция басқармасы, жергілікті атқарушы және басқа да уәкілетті органдардың қызметкерлері «Сәуле», «Текесу», «Көркем» (Забадам) «Береке» шағынаудандарының тұрғындарын №129 жалпы орта мектебінің мәжіліс залында жекелей қабылдап, мәселелеріне біртіндеп ден қоюда.
Маңызы мол іс-шараға Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Нұрлан Қарабаев та қатысып, тұрғындардың сауалдары мен өтініштерін, сондай-ақ талап-тілектерін тыңдап, заң аясында шаралар қабылдауға кіріскен.
«Заң керуені» акциясы — қазіргі қоғамғақажетті жоба. Келген тұрғындар көкейлеріндегі және өздері кезіккен проблемалар мен түрлі қүқықбұзушылықтар мен жайттарды айтуда. Сұрақтарының көбісі — әлеуметтік көмек көрсету бойынша және алаяқтық қылмыстарға қатысты түсуде. Интернет алаяқтықтан зардап шеккендерге де құқықтық кеңестер беріліп жатыр», — деді полиция полковнигі Нұрлан Өсерханұлы.
Қазірдің өзінде бұл акцияға ауданның 200-ден астам тұрғыны келіп, сұрақтарына тиісті жауаптар алды.
Айта өтейік, «Заң керуені» акциясының мақсаты — халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, қолданыстағы заңдарды түсіндіру, азаматтық құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, аймақтарда қауіпсіздік деңгейін арттыру.
Ал республикалық акция ағымдағы жылдың 3-қараша күні Әл-Фараби ауданы аумағындағы №62 жалпы орта мектебінде, 4-қарашада М.Әуезов атындағы университетте өз жалғасын табады деп жоспарлануда.

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика