ТАРИХТЫ ЗЕРДЕЛЕУ – БАСТЫ МАҚСАТ

tom: 0.0001pt; text-align: center; text-indent: 35.45pt;»>ТАРИХТЫ ЗЕРДЕЛЕУ – БАСТЫ МАҚСАТ

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt;»> 

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt;»>Оңтүстік Қазақстан облысы білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институтымен бірлесіп ұйымдастырған «Қазақстанның өткені мен бүгіні» жас тарихшылардың облыстық форумы аясында «Оңтүстік тарихынан сыр» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt;»>Конференцияға елімізге белгілі тарихшы ғалымдар, жазушылар, қоғам қайраткерлері, ЖОО-ы студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt;»>Жас тарихшылардың алғалы жиынында сөз алған Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының оқу және тәрбие ісі жөніндегі бірінші проректоры, т.ғ.к., профессор Исабек Баршагүл Қашқынқызы  Оңтүстік өлкесінің тарихын зерттеу жұмысына студенттердің зор үлес қосатынына сенім білдірді. Мәңгілік ел патриоттық жобасын жүзеге асыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи мәдени ескерткіштерін жинақтап,  арнайы сайтқа орналастыруды қолға алғалы отырғандарынан хабардар етті. Бүігнде оқу ордасы тарихқа қызығушы студент жастарды ғылымға баулу мақсатында «Мәңгілік ел» патриоттық жобасын қолға алып отыр екен.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt;»>Жастар алдына шыққан белгілі жазушы шежіреші Момбек Әбдіәкімұлы ойын «Қазақ хандығының бастауы біздің оңтүстік өңірден, Шу өзенінің жағасынан бастау алады. Осы бүгінгі Қазақстанның тәуелсіздігіне жету үшін ата-бабаларымыз орасан зор ерлік көрсетті. Қазақтардың жоңғарлармен үш ғасыр бетпе-бет келуі бұл тарихтағы ең ауыр кезеңдердің бірі деп санауға болады. Міне, осындай ұзаққа созылған шайқастар қазаққа ұлттық сенім мен мемлекеттік ұстанымды қалыптастырды. Халықтың барлық әлеуметтік топтары күш біріктіріп, өздерін жойылып кету қаупінен сақтап қалды» деп түйді Момбек Әбдіәкімұлы.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt;»>Іс-шара барысында тарихшы ғалымдар,  ЖОО-ның студенттері конференция тақырыбына байланысты баяндамаларын оқып, ой өрбітті.

tom: 0.0001pt; text-align: right; text-indent: 35.45pt;»>                            Манат  ИСАЕВА,

ОҚО Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының қызметкері

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика