Шымкент қаласындағы №45 сайлау учаскесінде шәкірттер ұстазын туған күнімен құттықтап, ерекше тосын сый жасады. Зейнекүл Үсенова – №52 мектеп-лицейінің ардагер-ұстазы. Математика пәнінің мұғалімі аталған білім ордасында 40 жыл ұстаздық етіп, зейнеткерлікке шыққан. Ардагер ұстаздың туған күні – сайлау күнімен тұспа-тұс келді.
–Ел Президентіне даусымды беріп, азаматтық борышымды орындадым. Бюллетенді салып болғаным сол еді, шәкірттерім гүлімен алдымнан шықты. Туған күнімді ұмытпапты. Осылай қос қуанышты сезініп жатырмын, — деді ұлағатты ұстаз толқынысын жасыра алмай.
Зейнегүл Үсенова тәрбиелеп шыққан шәкірттер бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде еліміздің дамуына үлес қосып жүр.
–Ұстазымыздың туған күні – 20 қараша. Мектеп кезінде де, кейін апайымыздың туған күнін ұмытпай құттықтап тұратынбыз. Зейнегүл апайдың туған күні сайлаумен қатар келіп, сайлау учаскесінде қуантқымыз келді, — дейді шәкірті Әсел Мәлік.
«Шымкент келбеті»
Фото Серік Қосаев
Leave a Reply