Шымкент қаласы әкімдігі «Халықты жұмыспен қамту» орталығы жұмыспен қамту шараларын жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме. Мұнда тұрғындар бос жұмыс орнын іздеп келеді, жұмыссыздар санатына ресми түрде есепке алынғаннан кейін азаматтың мамандығына байланысты бос жұмыс орындар ұсынылады.
биыл Шымкентте 24 196 жаңа жұмыс орны ашылды. Мұның 14 мыңнан астамы тұрақты, ал 10 мыңға жуығы уақытша жұмыс орындары болды. Сала жауаптыларының сөзінше, биыл мегаполистегі жұмыссыздар саны едәуір азайды.
Ұлттық жоба аясында жұмыссыздық санын азайту мақсатында субсидияланатын жұмыс орындары келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылған.
1. Жастар практикасы – 3 жыл ішінде оқуын аяқтаған және алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектеріне арналған. Ұзақтығы: 12 айдан аспайды. Жалақы: 30 АЕК. Сондай-ақ 29 жастан аспаған жұмыссыздар қатыса алады.
2. Осал топтарға арналған «Әлеуметтік жұмыс орындары» — жұмыс беруші тағайындаған жалақының 35% мемлекет субсидиялайды, Бұл ретте, субсидия көлемі 20 АЕК аспайды.
3. Қоғамдық жұмыс орындары — жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастыратын әлеуметтік пайдалы жұмыс.
4. «Алғашқы жұмыс орындары» жобасы — белгілі бір жағдайларға байланысты оқымайтын, жұмыс жасамайтын жастарды тұрақты жұмысқа орналастыру шартымен ұйымдастырылады.
5. Ұрпақтар келісім шарты — жұмыс істейтін зейнеткерлік жасқа жақындаған қызметкерлерден жинақталған тәжірибе мен дағдыларды беру үшін арнайы құрылған жұмыс орны.
6. «Күміс жас» — бағдарлама аясында зейнеткерлікке шығуға 2 жыл қалған азаматтар уақытша жұмыспен қамтылады.
Осы және өзгеде жұмыспен қамту шаралары туралы толығырақ @zhumispen.kamtu парақшасынан біле аласыздар.
Айта өтейік, 2022 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 8,8 миллион адам жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 6,7 миллион адам жалдамалы жұмыс істеген (экономикадағы жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 76,1 пайызы), өзін-өзі жұмыспен қамтығандар — 2,1 миллион адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 23,9 пайызы).
«Жұмыссыздар саны 453,1 мың адам. Жұмыссыздық деңгейі өзгеріссіз — 4,9 пайыз. Жұмыссыз, жұмыс іздемеген немесе жұмыс істеуге дайын емес 63,1 мың адам», — деп хабарлады бюро.
15 пен 28 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,9 пайыз, жұмыс істемейтін және біліммен немесе оқумен айналыспайтын жастар үлесі 6,7 пайыз.
Биыл Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында екі жүз мыңға жуық жұмыссыз тіркелген.
Leave a Reply