2024-09-23

МЕКЕНЖАЙҒА ТІРКЕЛУ ОҢТАЙЛАНА ТҮСТІ

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы үйлерге тіркелген азаматтар мен тіркеуден шығарылған тұрғындар туралы және жаңа мекенжайға тез әрі оңай тіркелу жолдары туралы хабарлайды. Бұл қызметті онлайн форматта 20 минутта рәсімдеуге болады, тіркеуге мемлекеттік баж алынбайды.
Корпорация филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаеваның айтуынша, енді азаматтар ХҚО арқылы тіркелген кезде үй иесі өз телефонына тіркелген адамның деректері көрсетілген хабарлама алады. Егер баспана иесі үйінде тұратын адамды тіркеуден шығарғысы келсе, екінші тарапқа да тіркеуден шығарылғаны туралы хабарлама барады.
Бұл қызметті екі жолмен алуға болады:
— Біріншісі, Egov.kz порталы арқылы. Ол үшін ЭЦҚ болу қажет немесе SMS құпия сөз арқылы (мобильді азаматтар базасында тіркелу керек). Егер азамат жаңа мекенжайға тіркелгісі келсе, Egov.kz порталы арқылы өтініш береді. Меншік иесі өзінің электронды-цифрлық қолтаңбасымен өтініш берушінің өтінішін растайды. Өтінімді өңдеу және мақұлдау бірнеше минутты алады.
— Екінші жол – меншік иесі мен өтініш беруші ХҚО-ға жүгіну қажет және онлайн кезекті алдын ала брондау керек.
Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша eGov порталы арқылы да онлайн тіркеуге немесе тіркеуден шығаруға болады. Ол үшін үй иесі мен тіркелген адамның электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы керек.
Айта кетейік, жыл басынан бері қалалық халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 31 мың шымкенттік тіркеуге тұрған.
Бұған дейін  дайын құжатты алудың жолы жеңілдегенін айтқан болатынбыз. Яғни  ХҚО-ға қайта келудің қажеті жоқ. Корпорация Яндекс Жеткізу жүйесімен бірлесіп, жеткізудің неғұрлым жылдам әрі ыңғайлы, баламалы тәсілін іске қосты. Клиент құжаттарды ХҚО-ға тапсырғаннан кейін, веб-сілтемесі бар SMS-хабарлама жолданады, ол жерде өтінімді толтырып, мәліметтерді енгізіп және жеткізілім ақысын сол сілтеме арқылы төлеу керек. Нақты уақыт режимінде курьердің жол қозғалысын қадағалап, онымен Яндекс GO мобильді қосымшасы арқылы хабарласуға болады. Қосымша жоқ болған жағдайда, жеткізілімді SMS-те келген сілтеме арқылы карта виджетімен бақылауға болады.

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика