2024-09-23

ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІКТЕ 15 МЫҢ ТҮП АҒАШ КӨШЕТІ ЕГІЛДІ

Шымкент -таза қала ұранын ұстанғандар күннің суығына қарамастан сенбілікке шығуда. Бұл жолы  “Жасыл қала” акциясы аясында Шымкент қаласы Қаратау ауданы Шымсити және Тұран шағынауданындарындағы көшелер аумағында сенбілік ұйымдастырылып, 15000-ға жуық ағаш көшеттері отырғызылды.
Сенбілікке Шымкент қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, тұрғын үй, спорт, сәулет қала құрылысы және жер қатынастары, дін істері, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармалары мен Қаратау әкімінің аппараты қызметкерлері белсене атсалысты.
Жалпы сенбілікте 600-ге жуық қызметкер атсалысып, 6 арнайы техника жұмылдырылды.
Күз айының соңғы сенбісінде өткен сенбілікке Абай, Еңбекші, Әл-Фараби аудан тұрғындары да атсалысты. Еңбекші  аудан аумағындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақ жолының бойында өткен сенбілікке Еңбекші ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, «Мұрагер» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Бейбітшілік шарты әскери күштері» ардагерлері және «Оңтүстік» АЭА қызметкерлері қатысты. Сенбілік барысында 1800 көшет отырғызылды.

Тазалық шарасына Шымкент қаласы әкімдігінің аппараты, 23 басқарма мен оларға бағынысты мекемелердің, «Шымкент» ӘКК, 13 департамент қызметкерлері қатысты.  Қала әкімдігінің бастамасымен қолға алынған сенбілікті кәсіпкерлер, белсенді қала тұрғындары мен еріктілер де қолдады.

Сенбіліктің мақсаты – жанашыр тұрғындармен бірлесе қала аумағын қоқыстан тазартып, абаттандыру.

Сенбілікке қатысушылар қаланың барлық аумағында, саябақтар мен гүлзарларды, аула және көшелерді, арық-атыздарды қоқыстан тазартуда.

Мәселен, Еңбекші ауданы бойынша сенбілікке шыққан 5 мыңнан астам азаматтың 1 мыңға жуығы белсенді жастар. Бізге берілген мәлімет бойынша, 40 көше, 10 шақырымнан астам аяқжол, ирригациялық жүйелер тазартылған. Іске 22 техника жұмылдырылып отыр.

Сенбілікте әр мекеме өзіне жүктелген аймақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, барлық қоқыс қала сыртына шығарылады.

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика