2023 ЖЫЛЫ ШЫМКЕНТ ТОЛЫҚТАЙ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Шымкенттегі 81 елді-мекеннің 73-і сапалы электрмен қамтылған.
Бұл көрсеткішті арттыру мақсатында ағымдағы жылы барлығы 14 нысанда ішкі жүйелердің және 2 қосалқы электр тарату бекетінің құрылысы жүргізілді.
Соның ішінде, электр қуаты сапасыз 8 елді мекенге сапалы электр қуатын жеткізу жұмысы қарқын алған.
Қазіргі уақытта, Сәуле-276, Жаңаталап, Нұртас елді мекенінде құрылыс жұмысы толық аяқталды. Бүгінде тұрғын үйлерді мемлекеттік желіге қосу (абоненттеу) жұмысы атқарылуда.
Сонымен қатар, Достық, Тұран, Солтүстік саяжай елді мекендерінде құрылысы аяқталған аумақтарында абоненттеу жұмысы қатар жүруде.
2022 жылдың қорытындысымен, жоғарыда аталған 6 елді мекендегі 43 мыңға жуық адам сапалы электр қуатына қосылуға мүмкіндік алатын болады.
Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 97%-дан — 98%-ға жетеді.
Сондай-ақ, Қайнарбұлақ және Батыс елді мекенін сапалы электр қуатымен қамту құрылысы 2023 жылы толығымен аяқталады.
Ал, Асар-2 (2-кезек) құрылысы да келер жылға өтпелі.
Бекітілген жоспарға сәйкес, Шымкент қаласындағы барлық елді-мекендер 2023 жылы 100 % сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.
Ал қала көшелерін жарықтандыру жүйелі түрде іске асуда. Шымкент қаласы бойынша орталық маңызы бар 747 көшенінің 324 жарықтандырылған. Қазіргі уақытта қалған көшелерді жарықтандыру жұмысы рет-ретімен жүзеге асып келеді.

2021 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 104 көше жарықтандырылып, көрсеткіш 30 % — дан — 43,4 % — ға өскен болатын.
2022 жылы 102 көше жарықтандыру жоспарға қойылса, бүгінгі күнге дейін 42 көше жарықтандырылды.
Құрылыс барысында 2595 жарықтандыру бағаналары, 4600 светильник пен 148 шақырым электр желілері тартылды.
Жыл соңына дейін жоспарланған 102 көшенің барлығы толығымен жарықтандырылып, іске қосылады.
2022 жылдың қорытындысы бойынша, қамтылу көрсеткіші 43,4%-дан, 57%-ға өсетін болады.Сонымен қатар, 2023 жылы 106 көшені жарықтандырып, көрсеткішкі 70 %-ға жеткізу жоспарда.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика