УЛЫ ГАЗ — ӨТЕ ҚАУІПТІ

Апат айтып келмейді. Әсіресе, қыс ауасында қауіпсіздік ережесін сақтамаса, қауіп төнуі мүмкін. Осыны ескерген  ​Шымкент қаласы әкімдігінің қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының газ техникалық инспекция мамандары үй-үйді аралауға шықты.  Жауаптылар тарапынан тұрақты түрде қала тұрғандарына тұтынушылар арасында газбен байланысты оқыс-оқиғалардың алдын алу және болдырмау мақсатында газды пайдалануда техникалық қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша үгіт-насихат түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
​Бүгін қала аумағының Әл-Фараби (Қапал батыр көшесі, Темір Жол вокзалы) және Абай (Ынтымақ елді мекенінде) аудандарында тұрғындарға Шымкент қаласының Жастар орталығының ерікті жастарымен, Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерлерінің қатысыуымен ауқым іс-шара өткізілді.
Тұрғындарға:
​-Үй ішіндегі газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету туралы келісімшарт жасау;
Қазіргі таңда қала аумағында Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің мәліметіне сәйкес Шымкент қаласында тіркелген 29 компания үй ішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге тиісті аттестат алған. Мониторинг жұмыстарының нәтижесінде қалада бүгінгі күнге 13 компания қызмет атқарады. Ал,түтіндік мұржаларын және желдеткіш арналарын тазалайтын 7 мекеме бар.
Тұрғындар тұрмыстық газды пайдалану барысында аттестатталған, мамандандырылған мекемелермен (ВДГО) өздеріне тиесілі газ жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті-делінген.
Үй ішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге тиісті шарт жасалуын цифрландыру мақсатында, «I-Shymkent» порталына 13 компанияның тиісті мәліметтер еңгізіліп, іске қосылды. Қала тұрғындар үйінде отырып, 13 мекемнің қызметтерін өз таңдауы бойынша онлайн келісім-шартқа тұруға мүмкіншіліктері бар. Аталған копманиялардың тізімі Шымкент қаласы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының әлекметтік желілерінде жариялаған.
Сонымен қатар, 8 701 333 40 15 whatsapp нөміріне хабарласып ала аласыздар.
​-қабаты екі қабаттан асатын көп пәтерлі тұрғын үйлерде тұрмыстық баллондарда сұйытылған газды сақтауға және (немесе) пайдалануға тыйым салынатыны;
газ жабдығының иелері олардың тиісті техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттілігі түсіндірілді.
​Жалпы Іс-шараға 20-ға жуық ерікті қатысып, қала тұрғындарына жаднамалар таратылды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика