Ошибка
 
 
Аман бол
ОБА ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕСІЗ? Печать
08.08.2016 13:24

Оба туралы не білесіз?

Елімізде оба ауруының қатерлі табиғи ошақтары әлі де болса  кездесуде.Оба ауруының микроптарын таратушылар – бүрге, бит,  кене, қандала сияқты қансорғыштар екені белгілі. Бұлардың ішінде үлкен орын алатыны – бүрге. Сондықтан оба ауруынан сақтану үшін азық-түлікті тышқандар жолай алмайтын жабық ыдыста сақтаңыз. Тұрғын үй жайыңызды, оның маңайын таза ұстаңыз. Егер үйде тышқан көбейіп кетсе, бұл туралы қалада орналасқан заласыздандыру жүргізетін мекемелермен хабарласыңыз Шыбын-шіркейлерді дельтаметрин және сауда да бар басқа дәрілерді қолданып, жойып отырыңыз. Қандай ауру болмасын мал дәрігерлерінің рұқсатынсыз ауру малдарды соймаңыз. Тышқан және басқа жабайы аңдарды аулауды тек рұқсат етілген аймақтарда жүргізу керектігін ескертеміз. Оба аурының алдын-алу мақсатында ветеринарлық дәрігердің нұсқауымен малдарыңызға обаға қарсы вакцина жасатыңыз.

 Оба ауруына дер кезінде шаралар қолдану үшін, бұл ауру қалай, қайдан пайда болатынын және ауру анықталған жағдайда не істеу керек екенін білгеніңіз абзал. Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына немқұрайлылық танытпаңыз.

Айнур Мырзаханова,

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының бас маманы 
 
КОМПЬЮТЕР МЕН ҒАЛАМТОРДЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ Печать
14.06.2016 15:14

Компьютер мен ғаламтордың адам ағзасына әсері

imgpreviewКомпьютер бүгінгі таңда өмірдің жырамас бір бөлігіне айналып үлгерді. Шыны керек онсыз тірлігіміз бітпейді. Оны қызмет орнында да, үйде де пайдалана береміз. Оның өмірімізге, кеңінен енгені соншалықты, бала біткен ойыншықпен емес, компьютермен ойнап, өзінің өміртанымын ғаламтордағы желі ішінде қалыптастыратын болды. Қазіргі күнкөріс қамы мен заман ағымының күрделілігі, көптеген ата-аналар тәулік бойы балаларының тыныс-тіршілігіне бақылау жасай алмай, олар шектен тыс бейне монитордың алдында отырғандықтан денсаулығына зор зиянды әсер алады. Алдымен денсаулыққа тоқталайық.

 
ДӘРІГЕР ЭТИКАСЫНАН ХАБАРЫҢЫЗ БАР МА Печать
03.05.2016 02:54

Дәрігер этикасынан хабарыңыз бар ма

немесе

Науқас дәрігердің қамқорлығын қажет ететін және сол қамқорлыққа мұқтаж адам

Неге науқастың мәртебесін бөле-жара алып отырмыз. Себебі, соңғы уақытта ақ халатты абзал жан деп дәріптеген кәсіп иелерінің қызметі туралы қоғамда теріс пікір қалыптасқан. Сол теріс пікір көп жағдайда науқас пен дәрігер арасындағы қарым-қатынастың дұрыс өрбімеуінен туындайды. Сол себепті де науқас пен дәрігердің қарым-қатынасын бүгінгі таңда өзекті тақырыптарға жатқызуға болады. Шынында екеуара қатынас қандай болу керек, ережесі, тәртібі бар ма? Мұндай сұрақ туындай қалса ойланып қаларымыз анық.

 
ҚЫЗҒЫЛТ СЕМІЗОТ Печать
11.08.2014 11:20

қызғылт семізот - родиола розовая (золотой корень)- Rhodiola Rosea L.

Жасақшөп тұқымдасы – Семейство Толстянковые- Crassulaceae DC.

d0bdd0b5-d0b2-d0b3d0bed180d0b0d185

Сипаттамасы. Биіктігі 50 см жететін көпжылдық шөптесін өсімдік. Тамыры жуан, тамырсабағы қабыршықты қысқа, жарғақ тәрізді үш бұрышты жапырақ. Сабағы бірнеше, кейде көп, түзу тәрізді өседі. Жапырағы жасыл отырыңқы, ұзын, эллипстей, жиектері бүтін, тек үш  жақтары бірнеше ара тісті. Гүлшоғыры қалқаншагүл, көп гүлді, қалың, гүлі екі үйлі, 4 кейде 5 бөлікті  тостағаншылары ланцет таспа тәрізді немесе ұзынша, сары әрі жасылдау. Аталығы 8 (сирек 10). Аналық астындағы қабыршақтар таспа ұзынша,жоғарғы бөлігі ойықты. Тұқымшалары таспа-ланцет пішінді.  Мамыр –маусымда гүлдеп, тұқымы маусым – шілдеде піседі.

Медицинада тамырын, тамырсабақтарын пайдаланады,  оларды тамыз қырқүйек айларында тұқымы піскен кезде  әзірлейді.

Таралу аймағы. Қазақстан жерінде Алтай, Тарбағатай, Жоңғар тауларында кездеседі.

Экологиясы. Ылғал сүйгіш өсімдік. Альпі, субальпі тау  белдеуінде (1500-2400 м), тас арасында, өзен жағасында, бұта қауымында, ылғалды тау шалғынында, кейде қау құрайды.

Қоры. Өте құнды дәрілік өсімдіктің жерасты бөліктерін қазып алу жұмысы орынсыз жүргізіліп келеді. Ешқандай қорғау мәселесі қойылмаған. Соған Байланысты жылдан жылға шикізат қоры және қызғылт семізоттың өсіп-өнетін жер көлемі азайып отыр. Өсімдік тамыры сабақ тамырын қазып алған соң оның қайтып өніп-өсуіне,  бұрыңғы қалпына келуіне 10-15 жыл керек. Семізот Қазақстан  «Қызыл кітабына» енген. Оның қауын және дәрілік шикізатын молайту мақсатында  оны ресми түрде қолдан өсіру мәселесі қойылған жөн. Бұл өсімдікті көп жерлерде мәдени түрде өсіруде, соның бірі-Қазақстан бас бағы.

Химиялық құрамы. Жер асты бөліктерінде көмірсулар глюкоза және фруктоза 2,3 процент, сахароза 0,5 процент, седогептулоза, органикалық  қышқылдар- щавель, алма, янтар, лимон, терпеноидтар- розиркдин, розиридол, лактондар, эфир майы 0,8-0,9 процент, стероидтар, алкалоидтар, қош иісті қосылыстар-розавин 1-2,5 процент, розин, розарин, фенолды гликозидтер-тирозол 0,25 процент, родиолозид, салидрозид, фенолкарбон қышқылдары, иілік  заттар 15,9-20,25 процент, флавоноидтар-кемпферол, астрагалин, трицин, родионин, родиозин, антрахинондар. Жер беті бөліктерінде органикалық қышқылдар, иілік заттар, флавоноидтар бар екені анықталды.

Қолданылуы. Тамыры мен сабақ тамыры ресми  дәрілік шикізат. Спиртті сығыны организмнің жалпы және жүйке жүйелерінің әлсіздіктері мен қажу, жұмыс істеу қабілетінің кемуіне, вегетативті-қан тамыры тонусының құбылмалығы кезінде, психикалық ауруымен ауырғанда, жүйке жолдары ауруларына қуаттандырғыш дәрі.

Халық емшілері өсімдіктің қайнатпасы және тұнбасымен жатырдан қан ағу, етеккірдің шамадан тыс көп келуін іш өту, қызба қалтырау, бас ауырғанда құрқулақ(цинга), шаршағанды басуға, жұмыс істеу қабілетін арттыруға, зат алмасу процесінің бұзылуынан буынның жуандап, сырқырап, ісініп ауруына(подагра), қантты шыжының (сахарный диабет), бақатамақ (скрофулез), асқазан ауруларын, қан аздықты (анемия), өкпе құрт ауруын, бауыр және тіс ауруларын, белсіздікті емдейді. Көздің  дәнекер қабығының қабынуына, іріңді жараға, тері бөртпесіне қолданады, ыстық басады, қыздырады. Қызыл иек іріңдегенде жағады. Сібір халық емінде семізот тамырын адамның қуатын арттыру және әлдендіру ретінде пайдаланады. Жүйке, асқазан, қызба ауруларына қарсы дәрі. Тамақ өнеркәсібінде адам бойын сергітетін түрлі сусындар дайындайды.

 


 
Бет 1 , барлығы 13
 

Соңғы пікірлер

 
Барлық құқықтар қорғалған.
"Қызмет" интернет басылымы.