ҚЫЗЫЛША АУРУЫНА ЕКПЕ ЖҮРГІЗІЛДІ Печать
04.10.2019 12:27

ИЧ 167/10 мекемесінде 19-29 жас аралығындағы сотталғандарға қызылша ауруына екпе жүргізілді.

Қызылша – бұл өте кең түрде таралған инфекциялық ауру. Көбінесе балдарда кездеседі. Оның белгілері дене қызуының көтерілуі мұрынның, көздің және тамақтың шырышты қабығы қабынып, теріде бөртпелер пайда болады. Қызылша – қазіргі таңда ең жұқпалы аурудың бірі болып табылады. Бұл 100% жұқпалы ауру, яғни бұрын қызылшамен ауырмаған немесе егілмеген адам қызылшамен ауырған адаммен байланысқа түссе...

АУРУ СЕБЕПТЕРІ

Инфекция ауа жолы арқылы беріледі. Вирус сыртқы ортаға сөйлеген, түкірікпен, жөтелген, түшкірген кезде бөлінеді. Вирустің таралуы сыртқы ортаның тұрақсыздығына қарамастан, ауа толқынымен ғимараттың вентиляциялық жүйесі арқылы таралған жағдайлары белгілі. Инфекция көзі –ол айналадағы лара 2 күн инкубациялық кезеңнен 4-күнгі бөртпелер шығып ауырған адам. Ал 5-күнгі бөртпелері бар адам жұқтырмайды деп саналады. Қызылшамен ауырған аналардан туылған балалар 3 айға дейін бұл ауруға шалдықпайды, өйткені осы аралықта олардың қанында аналық антиденелер сақталады. Бұл аурумен ауырмаған және егілмеген адамдар қызылшаны жұқтыруға бейім болады және өзінің өмірінде кез-келген жаста ауырып қалуы мүмкін.

ҚЫЗЫЛШАНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ

Бұл аурудың инкубациялық кезеңі жұқтырғаннан кейін 1-белгілері пайда болғанға дейін, яғни 7 күннен 14 күнге дейін созылады. Есте сақтайтын ең маңызды жайт ауру бөртпе шығудан басталмайды, ол суық тию белгілерімен басталады. Дене қызуының 38-40 градусқа көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің болмауы, құрғақ жөтел, мұрынның бітуі. Кейініректе коньюктивиттің пайда болуы. Шамамен 1-белгілердің шыққанынан 24 күннен кейін беттің шырышты қабығының ұсақ ақ дақтар пайда болады. Аурудың 3-5 күні ашық түсті бір-біріне өзара ұқсап кететін дақтар пайда болады. Ең алдымен олар құлақтың артында және маңдайында, содан кейін тез арада бет, мойын, дене және аяқ-қолға таралады. Ұсақ қызғылт дақтар тез арада үлкейіп, формасын өзгертіп, бір-біріне қосылып кетеді. Бөртпелердің қалың шыққан кезеңінен 2-3 күн өткеннен кейін дене қызуы 40,5, қайта көтерілуі мүмкін. Бөртпелер 4-7 күн сақталады. Дақтардың орнында қоңыр пигменттер қалады, олар 2 аптадан кейін кетіп, тері қайта таза болады.

ҚЫЗЫЛШАНЫҢ АЛДЫН АЛУ

Қызылшаның алдын алудың ең тиімді және сенімді әдісі вакцинация болып табылады. Қызылшадан егу вирусты жасанды жолмен тоқтату, нәтижесінде ағза өзін қорғайтын иммунитет жасайды. Кейбір балаларда егуден кейін 6 күннен 20 күнге дейін дене қызуы көтеріліп, кейде коньюктивиттің және бөртпелердің пайда болуы байқалады. Бұл белгілер 2-3 күнге дейін сақталады, содан кейін бәрі жақсы болады. Қорықпаңыздар, бұл жағдайлар болуы мүмкін және олар қауіпті емес. Бірақ сонда да егуден кейін қандай да бір қабыну болса, міндетті түрде дәрігерге көріну керек. Ең алғашқы вакцинацияны балаларға 12 айлығында, 2-сі 6 жаста жасалады. Егу 15 жасқа дейін өте сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.

Өз денсаулықтарыңызды күтіңіздер! Сау болыңыздар!

Е.ҚАДІР,

ИЧ 167/10 мекемесінің медицина бекетінің фельдшері,

әділет кіші лейтенанты.

Пікір қосу


Қорғаушы код
Жаңалау

 
Барлық құқықтар қорғалған.
"Қызмет" интернет басылымы.