Ошибка
 
 
Керекті кеңес
АЙНАЛАҢЫЗҒА ЖАҚСЫЛАП ҚАРАҢЫЗШЫ, СІЗ КІМНЕН КЕМСІЗ? Печать
14.07.2017 16:39

Егер сіз тым қызғаншақ болсаңыз және оның өміріңізге кері әсер ететінін түсініп, одан құтылғыңыз келіп жүрсе, бұл мақала сізге арналады. Мақаланы әдістемеге жатқызуға болмайды. Десе де, айналадағы адамдармен аралас-құралас бола жүріп, түйген ойларды, оқығандарды бір кәдеңізге жарап қалар деп қағазға түсірдік. Сондықтан да сіз де өз ойларыңыз бен пікірлеріңізді қосуыңызға болады.

Қызғаншақ дегенде не айтуға болады, бұл қандай сезім? Білетініміз ол әйелде де, еркекте де, жаста да, кәріде де болады. Аналар келінінен баласын қызғанып жатады, әйелі күйеуін, күйеуі әйелін, тіпті қызмет барысында да қызғаншақтық туады. Сол қызғаншақтықтың екі түрі бар, біріншісі жағымды, екіншісі жағымсыз. Жағымсызы жаныңды ұзақ уақыт ауыртып жүреді, соңы ауруға ұласып жататын кездер де аз емес.

Бұл мақаланы жазудағы мақсатымыз – қызғаншақтардың сол қызғанышқа жетелейтін сезімінің негізгі себептеріне күмәнмен қарауына әсер ету, олардың қызғанышының түбінде не жатқанына көңілін аударту.

Жағымды қызғаныш дегеніміз – бұл махаббаттың көрініс беруі немесе соның солай екенін негіздей түсу. Ол өзіне көңіл аударту амалдарына, қолдау, қорғаныш іздеуге ұқсайды.

Жағымсыз қызғаныш – махаббат аясынан шығып кетеді, ол қызғанып отырған адамын өзінің меншігіндей көреді және басқа емес, өзінен де қызғанатындай жағдайда болады.

Егер сан қатпарлы миымызды ақтарсақ, оның негізінде не жатқанын тауып алуға болады. Маған да, сізге де мынау қызық көрінуі мүмкін: жағымсыз қызғанышқа жол беретін адамдар өзін-өзі қаншалықты таниды екен?

- «Мен басқалардан кеммін!» (немесе «Басқалар маған қарағанда көріктілеу, білімділеу...!»). Жүйкеге тиетін ең жағымсыз қызғаныш осылай туады. Мұның түбінде жақсы көрген адамнан айрылып қалу немесе өмір бойы жалғыз қалып кету дегендей ойлар жатады. Сондықтан да ол жұрттың бәрін өзіне бәсекелес, «күндес» көреді.

Қауіпті байламдар:

- «Мен жеке тұлға ретінде қалыптаса алмадым және мұны өзгертуге болмайды». (Нұсқалар: иә, мен көрікті емеспін, семізбін, арықпын, бойым тапал, кәрімін, елеусізбін, шешім қабылдай алмаймын).

- «Мен өзімнің серігіме лайық емеспін!».

- «Мен өзіме сенімді емеспін, мен сияқтыларды оп-оңай ренжітуге, алдауға болады!».

 

НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Алдымен, сенімсіздікті жою керек. Айналаңызға жақсылап қараңызшы, сіз кімнен кемсіз? Сізде де жақсы қасиеттер көп болуы әбден мүмкін. Оны өзіңіздің көргіңіз келмейді, олай болса басқалар қайдан көріп бағаласын. Бірінші өзіңіз көріңіз, түйсіктен өткізіңіз және оны әр жасушаңыз сезінетін болсын.

Өзіңізді бағалаңыз және еркелетіңіз.

Өзіңіздің бойыңыздағы махаббат, сенім, бақытқа лайық ұлы тұлғаны оятыңыз және еркін жіберіңіз, қашанғы танығыңыз келмей қапаста ұстайсыз.

Негізі ұлы адам болу үшін робот немесе әулие болудың керегі жоқ, қателесуге құқығы бар адамға айналыңыз. Жұмыс істеген адам міндетті түрде қателеседі. Мына сұраққа жауап беріп көріңізші, сізге айна-қатесіз ұқсайтын адам бар ма, мына өмірде. Жоқ, әрине. Болуы мүмкін емес. Сіз қайталанбайсыз. Осы есіңізде болсын!

Таңертең және кешке мына монологтарды қайталаңыз. «Менің артықшылығым мынада... (жақсы қасиеттеріңізді санамалап шығыңыз. Түнде, күндіз не болды оған қарамаңыз,ойыңыздан шығарып тастаңыз.

1.Мен бәрінен артықпын, көп білемін. Олай болса сен қандай себеппен жан-жағыңа қарайсың басқа қызметкер іздейсің (жұмыста) немесе әйеліңмен салыстырасың (отбасында)! Бұл қызғаныштың ең танымал түрі. Сіз осылай кемшілігіңізді жасырғыңыз келеді.

 

СОНЫМЕН ҚАУІПТІ БАЙЛАМДАР ҚАНДАЙ?

«Мен жұлдызбын, мен кереметпін!»

«Айналадағы адамдардың бәрі оңбаған, сауатсыз, бәлеқор!».

«Сүйеді екен - қадірімді білсін, жағдайымды жасасын!».

«Сүйетінін барлық уақытта дәлелдей алуы керек!».

«Егер маған емес, айналасына қараса, тіпті талғамының болмағаны!»

Таныс сөздер ме? Мұндай сөздерді сіз де айтқан болуыңыз әбден мүмкін. Айтылар сөз айтылды, енді не істеу керек?

Тақтан бірден түсе салу қиын әрине, алдымен ойша түсіңіз.

Серігіңізге жақсылап бастан-аяқ қарап шығыңыз да оның қайталанбас тұлға екеніне көз жеткізіңіз, артықшылықтарын тізіп шығыңыз, оның сіз ойлағандай ғана болып қалуы мүмкін емес нәрсе, ол да сіз сияқты өз пікірі, көзқарасы, қасиеттері бар тұлға, осыны көруге күш салыңыз.

Егер сіз ешқандай себепсізден-себепсіз кешірім сұрайтын болсаңыз, ол серігіңіздің жан-дүниесін төңкеріп тастауы мүмкін.

­­­Өз сезіміңіздің тереңдігін білдіру үшін шығармашылықты пайдалануға болады. Бәрін бірден түсіндіріп тастау мүмкін емес, шыдам, төзім керек, бұл уақытты созады. Есесіне сіз әлгіндей қасиеттерді бойыңызда тәрбиелей бастайсыз.

Егер қызғаншақтық сезімі «Мен басқадан кеммін» деген себептен туындайтын болса, онда сізге 1 нұсқа көмектесе алады.

1. «Рахмет! Менен бұрын да бас тартқан, тағы да солай болып тұр, мен оған дайынмын (мені барлық жерде адам құрлы көрмейді, жұмыста да, үйде де). Осылай да болады. Бұл жағымсыздықтың негізі өткен өмірде жатыр. Сіз сонымен келісе бересіз, неге? Неге ол тетіктің жұмысын тоқтатып тастауға болмайды? Өмір өтіп жатыр, ғой. Бұл мүлдем басқа жағдай, басқа адам. Неге бәрі қайталана беруі керек ? Өзіңізге осы сауалды қойып көрдіңіз бе? Егер сұрап көрмесеңіз, сұраңыз, жауабыңыз қалай болады екен. Сіздің жауабыңыздың оң болатынына біз сенімдіміз. Шын мәнінде бәрі сіз ойлағандай емес.Бәрі өзгерген. Өзгермей жатқан өзіңізсіз. Егер өзіңізді жақсы жайлы өмірге лайық көрсеңіз, ол шын мәнінде солай болады.

Ал, жоғарыдағыдай жағдайды туғызатын қауіпті байламдар:

«Болашақты өткенім айқындайды!».

«Алдыңда не күтіп тұрғанын білмейсің – өткеніңе қара!».

Шын мәнінде олай емес. Өткеніңіз сабақ болуы мүмкін, болашағыңызды жасау өз қолыңызда тұр.

Дайындаған:

Б. ЖАҚСЫБЕКҚЫЗЫ

 
Кеден одағының техникалық регламенті «Ойыншық өнімдірінің қауіпсіздігі туралы» Печать
28.02.2017 09:35

Баланың еркін әсерлі әлемін жетілдіруді ойыншықтарсыз елестету мүмкін емес. Тек солар ғана балаға өз сезімін білдіруге, қоршаған ортаны зерттеуге, тілдесуге және өзін-өзі тануға мүмкіндік береді. Балаларға арналған ойыншықтарды таңдау – өте маңызды және күрделі іс. Тек балалар ғана сан алуан ойыншықтар ішінен өзіне керегін таңдап алуға қаухарлы. Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясындағы техникалық реттеудің ортақ қағидалары мен ережелері туралы Келісіміне сәйкес 2010 ж. 18 қарашада Кеден одағының техникалық регламенті КО ТР 008/2011 «Ойыншық өнімдірінің қауіпсіздігі туралы» жасақталып, Кеден одағының Комиссиясы № 798 шешімімен 2011 ж. 23 қыркүйекте бекітілді.

Бұл техникалық регламент бұрын пайдалуға берілмеген, Кеден одағының ортақ кедендік аумағында өндірілетін ойыншықтарға арналған, алайда ойыншық жеке тапсырысбен дайындалса, көрмелік үлгілер үшін болған жағдайда және т.б., бұл техникалық регламент қолданылмайды.

Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес келген жағдайда ғана, ойыншықтар нарық қатынасына шыға алады, сонымен қатар Еуразялық экономикалық одақтың бірыңғай белгісімен таңбаланылуы тиіс.

Бірыңғай белгі ойыншықтың өзіне және (немесе) қаптамаға (жекеше, топтық, тасымалдық) және (немесе) заттаңбаға, медальон, затбелгіге (соның ішінде қосып тігілген затбелгіге), қосымша парақшаларға, сонымен қатар оған қосымша берілетін эксплуатациялық құжаттарында келтіріледі.

Аталған техникалық регламенттің 4 бабында ойыншықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға мән берілген. Сөзсіз, ойыншықтар оның тағайындалуы бойынша пайдаланылған кезде балалардың, сонымен қатар олардың күтушілерінің де өмірі мен денсаулықтарына қауіптілік төндірмейтіндей өндірілуі қажет: ойыншықтардың уағдалы құрылымына, пайдаланылатын уағдалы материалдарына, олардың физикалық-механикалық қасиеттеріне, тұтанғыштығына, химиялық қасиеттеріне, токсикологиялық-гигиеналық көрсеткіштеріне, электрлік қасиетіне, радиациялық қауіпсіздігіне, микробиологиялық қауіпсіздіктері ескеріледі. Ойыншықтарды қолдану кезіндегі тәуекел балалардың жас айырмашылықтарына байланысты болуы керек.

3 жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтарға табиғи ішік, табиғи тері, шыны, фарфор, түкті резеңке, өлшемі ылғалды ортада 5 % асып ұлғайатын, сылдырмаққа ұқсас ойыншық толтырмаларын қолдануға жол берілмейді. Сонымен қатар, ойыншықтарды бұрын қолданыста болған материалдарды қайта өңдей отырып, қайталама шикізатты пайдалануға жол берілмейді.

Тұтынушыға арналған ақпарат, таңбалануды оқығанда өте жеңіл, тексерілген, анық, қарағанда және сәйкестендіргенде қолжетімді болуы шарт. Таңбалануды өндіруші немесе импорттаушы жүзеге асырады.

Таңбалану келесідей ақпараттармен қамтылады: ойыншықтар атауы; ойыншықтар өндірілген ел атауы; өндіруші, импорттаушының атауы мен орналасқан жері, олармен байланысатын ақпарат; өндірушінің тауар белгісі (бар болған жағдайда); балалардың жасын анықтайтын, ең төменгі бала жасы; негізгі конструкцялық материалдар (3 жасқа дейінгі балалар үшін) (қажет болған жағдайда); ойыншық күтімі (қажет болған жағдайда); дайындалған күні (айы, жылы); қызмет мерзімі немесе жарамдылық мерзімі (олардың орнатылуына байланысты); сақтау шарттары (қажет болған жағдайда).

Нарыққа шығар алдымен аталған Кеден одағы техникалық регламент қауіпсіздік талаптарына сәйкестікті растау рәсімінен өтуі шарт. Ойыншықтардың сәйкестігін растау сертификаттау түрінде жүзеге асырылады. Ал Кеден одағының Бірыңғай сертифкаттау жөніндегі органы мен сынау зертханаларының тізіліміне енген ол сертификаттау жөнінде органмен жүргізіледі.

3 жасқа дейінгі балаларға арналмаған жас тобы көрсетілген ескертпе шартты графикалық белгі таңбаланған, ал функционалды ойыншықтар мен оның қаптамасында «Ескерту! Тікелей ересектердің қарауымен қолдану» ескертпе жазуы болуы шарт.

Химиялық ойыншықтардың пайдаланылуы мен қажетті сақтық шараларын қабылдауға қатысты нұсқамалар, реактивтер мен қауіпті қоспалар келтірілген эксплуатациялық құжаттары болуы қажет. Бұл құжатта алғашқы медициналық көмектер, балалар жасы көрсетіледі. Қаптамасында «Ескерту! Тек .... жастан асқан балаларға арналған!» жазуы бейнеленеді.

Ішінде ойыншығы орналасқан тамақ өнімдерінің қаптамаларында «Ішінде ойыншығы бар» ескертпе жазуы, сондай-ақ, су ойынына арналған ойыншықтар тек «Ескерту! Ересектер қарауымен аздаған су көлемінде пайдалану!» жазуымен ілесіп жүруі тиіс.

Қазіргі нарықта кездесетін ойыншықтар көбіне жағымсыз иісті, шеттері тым үшкір немесе өңделмеген, жас шектеуі бойынша тағайындалмаған және ұсақ бөлшектерден тұратын боп келеді. Өкінішке орай, мұндай ойыншықтар баланың қолына түссе өте қауіпті, өйткені: қолына ұстай отыра зақымданып алады немесе ұсақ бөлшектерді жұтып қойуы әбден мүмкін. Осындай жағдайларға жол бермес үшін, біз балаларды қорғауымыз қажет. Әрбір тұтынушылар мен ата-ана балалардың, сонымен қатар олардың күтушілерінің де өмірі мен денсаулықтарын қорғау мақсатында, сондай-ақ, тұтынушыларды жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алуға қатысты ойыншықтардың тағайындалуы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптар орнатылатын Кеден одағының техникалық регламенті бар екенін көкейлерінде біліп жүруі тиіс.

Егер тұтынушы сатушыдан бұл талаптардың орындалуын талап етсе, ал сатушы өз кезегінде талаптарға сай өнімді әкелсе, нарықта сапасыз тауарлардың саны азаяр ма еді.

Ойыншықтар сапасын қорытындылай келгенде тек бір нәрсе айтқым келеді – балалар ойыншықтарын дұрыс таңдап, жоғарыда аталған талаптарды ұстанған жағдайда ғана (өз ұрпағың үшін тек сапалысын жете таңдап) өз сәбиіңіздің денсаулығы мен өміріне сенімді бола аласыз.

Б.Башаев

Техникалық реттеу және метрология комитетінің ОҚО бойынша бас маманы

 
ГАРВАРД СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН АҚЫЛ-КЕҢЕСТЕР: Печать
08.05.2016 03:36

*Ақыл қалта

Гарвард студенттеріне арналған ақыл-кеңестер:

1. Қазір ұйықтап қалсаң, арманың түсіңе кіреді. Ұйқының орнына білімді таңдасаң, арманыңды жүзеге асырасың. 
2. Бәрі кеш деп ойлаған сәт негізінде әлі тым ерте екендігін көрсетеді. 
3. Білім қуудың қиындығы уақытша. Надандықтың қайғысы - мәңгілік. 
4. Білім қуу – уақыт ұрлау дегенді емес, білім қуу – ынталы бола білу деген мағынаны береді. 
5. Өмір – тек білімнен тұрмайды. Бірақ тым болмаса, осы сатыдан абыроймен өте алмасаң, ондаөмірден не күтпексің?

 
2 ДАНА ТЕМЕКІНІҢ ҚҰНЫ 1 ДАНА НАННЫҢ ҚҰНЫНА ТЕҢ Печать
19.11.2015 16:06

2 дана темекінің құны

1 дана нанның құнына тең

 

1358337071

Дағдарыс.Үнем туралы үлкен мінберлерден айтылып жатыр. Біз сөйлеуге шеберміз. Алдағы болатын ұымбатшылық туралы үйде дастархан басында, жұмыста, көшеде, аялдамада тұрғанда айта береміз. Келетін қымбатшылық імндетті түрде келеді, соның кесір отбасы бюджетін жырым-жырым етпеу үшін не істеу керек? Осы туралы ойланып жүрміз бе? Үнемді неден бастау керек?

Біз күнелікті тұтыну заттарының ішінен темекіні алып тастауды ұсынар едік. Шылымқор әрбір отбасынан табылады десек артық айтқандық емес. Әдетте, темекі шегуді жағымсыз әдеттердің есебіне кіргіземіз де қоямыз. Шын мәнінде солай ма?

Әлемді жаулап алған пайдасы алдамшы, зияны шашетектен келетін түтінді шөп қайдан пайда болды?

 

Темекі есірткінің қатарына жатады

 

Есірткінің қатарына жататын темекі Еуропа мен Азияға XV ғасырда келе бастаған. 1492 жылы 12 қазанда Христофор Колумб белгісіз арал қазіргі Американың жағалауына келіп тоқтағанда арал тұрғындары қонақтарға күнге кептірілген бүктеулі жапырақ ұсынған екен. Қонақтарға ұсынылған бүктеулі жапырақ «петум» деп аталған. Колумбтың екінші саяхатынан соң табак дәні бірінші Испанияға, содан кейін бүкіл жер бетіне тарай бастаған.

 
Бет 1 , барлығы 26
 

Соңғы пікірлер

 
Барлық құқықтар қорғалған.
"Қызмет" интернет басылымы.