Ошибка
 
 
Кәдеңізге жарасын! Печать
05.11.2013 11:39

                                                                            Отбасы, ошақ қасы

(Соңы. Басы өткен нөмірде).

*** Қауырсын және мамық жастықтарды көлеңкеде желдеткен жөн, тік түсетін күн-нің көзінен қауырсын сынғыш болады.

*** Фарфор ыдыс тұзды суда жуған жақсы (1 литрге 3 ас қасық).

*** Фарфор ыдыс қою шай дағынан содамен тазартылады.

*** Гүлдерді таңертең ерте немесе қараңғы кеште қиып алады.

*** Ваннаны көпке дейін бастапқы қалпында сақтау үшін таза ұстаумен қатар, бірден аса ыстық не өте салқын су ағызбай, жылы ғана        суды пайдаланыңыз. Әйтпесе, ваннада сызат пайда болып, оған кір, дақ жиналып, сарғайып кетеді.

*** Ет жуған су үйде өсетін гүлдерге жақсы тыңайтқыш болады. 

*** Қыстың аязында терезеге мұз тұрма-сын десеңіз, жұмсақ шүберекті тұзды суға малып, әйнегін екі жағынан да сүрту керек.

*** Ашып-жапқанда шиқылдайтын есіктің топсасына вазелин не сұйық май жағып қойыңыз.

*** Қабырғаға жапсырылған түсқағаз оңайлықпен алынбайды. Оны жеңілдету үшін, үтіктің ыссы буын басып жүргізсе, тез алынады.

*** Дастарханның қайрылған жерін сынбасын десеңіз, іш жағына лейкопластыр жапсырып қою керек.

 *** Әйнекке тиген майлы дақты мүсәтір спирті қосылған сумен жуып тазартады.

*** Тоңазытқыштың мұзын ерітіп, суын төккеннен кейін жылы суға ас со-дасын қосып жуып, іші әбден құрғағанша бір-екі сағат ашып        қойған жөн. Сонда оған қойған тағамдар иістенбейді.


Пікір қосу


Қорғаушы код
Жаңалау

 
Барлық құқықтар қорғалған.
"Қызмет" интернет басылымы.