Ошибка
 
 
Қоғам
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жүйесі арқылы нысанның күтіп ұстау мәселесі де шешілді Печать
20.12.2019 14:56

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жүйесінің ең тиімді тұсы – күтіп ұстау жұмыстары. Бұл жобада жаңадан орнатылған нысанның ары қарай күтіп ұсталуы қарастырылған. Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданында 2019 жылы орнатылатын алаңша жабдықтары 2024 жылдың соңына дейін жекеменшік әріптестігі аясында «Стом Сервис» ЖШС күтіп ұстайтын болады.


Бұл орайда, бір жыл, 2020 жыл көлемінде толық кепілдік мерзімі жүрсе, 2021-2024 жылдар аралығында күтіп ұстау жұмыстарына бюджеттен қаржы қаралмақ. Бұл процес жекеменшік мекеме тарапынан жұмысшылар құрамын өтінім берген сәтінде ғана пайдалану емес, тұрақты ұстап отыру үшін әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға және ұрлануына, бұзылуына, вандализмге жол бермеу, ақау анықталған жағдайда дер кезінде жөнделуін қадағалауға мүмкіндік туғызбақ. Бұған дейін атқарылып келген абаттандыру жұмыстарында осындай күтіп ұстау жағы қарастырылмаған еді.

Тағы бір ұтымды тұсы – авторлық құқық негіздері мен меншік мүмкіндіктері ескеріледі. Бұл жүйеге қатысуға ниетті жеке сектор өкілдері өздері өндіретін қайталана бермейтін өнімдерін конкурстық өтінімдерінде көрсету арқылы артықшылықтарға ие болуы да мүмкін. Мәселен, жер учаскесі жеке меншік болып, сол учаскеде мемлекет тапсырыстарында қаралатын белгілі бір мөлшердегі қаржы көлемінде мектеп, не басқа нысан салғысы келсе тікелей келіссөздер жүргізу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл жерде мемлекет тарапы ұтады. Өйткені, құрылыс салу үшін алдын-ала дайындалатын құжаттарға, құрылысты қадағалаушы мекемелерге, пайдалануға беру үшін жабдықтауға және өзге де шығындарына кететін бюджет қаржысы және уақыты үнемделеді.

Б.Е.Тұрабеков

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімі аппаратының

инфрақұрылым және көріктендіру бөлімінің басшысы

 
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке кәсіпкерлермен патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану ережелері күшіне енеді Печать
20.12.2019 14:49

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық кодексінде жеке кәсіпкерлерге қатысты бірқатар өзгерістер күшіне енеді. Бұл қандай өзгерістер?
Салық кодексіндегі өзгеріске сай, патентті қолдану құқығы бойынша көрсетілетін қызмет түрлерінің (32 қызмет түрі) тізімі жария болды:

1. Сылақ жұмыстары;
2. Ағаш ұсталығы мен ағаш шеберлігі жұмыстары;
3. Еден жабу және қабырға қаптау жұмыстары;
4. Бояу және шынылау жұмыстары;
5. Такси қызметі;
6. Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау;
7. Сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару;
8. Фотография қызметі;
9. Аударма (ауызша және жазбаша) ісі;
10. Мүлікті жалдауға (жалға) беру;
11. Көлік құралдарын жалдауға (жалға) беру;
12. Ойын-сауық және спорттық керек-жарақтарды прокатқа және жалдауға (жалға) беру;
13. Бейнежазбалар мен дискілерді прокатқа беру;
14. Басқа да жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды прокатқа беру және жалдауға (жалға) беру;
15. Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын жалдауға (жалға) беру;
16. Есептеуіш техниканы қоса алғанда, кеңсе машиналары мен жабдығын жалдауға (жалға) беру;
17. Спорттық білім және бос уақытты ұйымдастыру мамандарына білім беру саласында көрсетілетін қызметтер;
18. Мәдениет саласындағы білім беру қызметтері;
19. Басқа да білім беру саласында көрсетілетін қызметтер;
20. Қосымша білім беру қызметтері;
21. Өнер саласындағы қызметтер;
22. Компьютерлерді және перифериялық жабдықты жөндеу;
23. Коммуникациялық жабдықты жөндеу;
24. Жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеу;
25. Шаштараз қызметтері;
26. Маникюр және педикюр;
27. Ветеринариялық қызметтер;
28. Жер учаскелерін өңдеу бойынша қызметтер;
29. Тұрғын үй-жайларды жинау және үй шаруашылығын жүргізу бойынша ызметтер;
30. Базарларда, вокзалдарда жүк тасушылар қызметтері;
31. Музыкалық аспаптарды жасау және жөндеу;
32. Үй жануарларын бағу қызметі.
Мақсат – бейресми еңбек қатынасын болдырмау және нақты кірістерді жасыруға жол бермеу. Сонымен бірге, өзгерістер көлеңкелі бизнесті ашыққа шығарып, жалдамалы жұмыскерлерді заңдастыруға бағытталған.
Онда жалдамалы қызметкерлерді тартусыз жүзеге асырылуы мүмкін емес қызмет түрлері бойынша табыс табуға патент талап етілмейді. Мысалы, тәулік бойы сауда сату, азық-түлік сату, базарларда сауда жүргізу және тағы басқа.
Мұнда халықаралық тәжірибеге сай ұсақ қолөнершілерге қойлытын салықтық тәртіп негізінде кірісті қадағалауды және жалдамалы жұмысшыларды бақылуды күшейту көзделген.
Рұқсат етілген тізімге енбеген қызмет түрлерін көрсететін кәсіпкерлер салық төлеу тәртібін өзгертуі керек. Олар 2 түрлі тәртіптің бірін таңдайды:
• Жеңілдетілген декларация негізіндегі немесе тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық тәртібі;
• Жалпыға бірдей белгіленген тәртіп.
Басқа салық төлеу тәртібіне ауысу үшін не істеу керек?
Патенттен басқа салық салу тәртібіне ауысу үшін, патентті қолданатын жеке кәсіпкерлер салық салу тәртібін таңдауды қазірден бастап ойлауы қажет.
Сонымен бірге, салық органдарына электронды түрде (салық төлеушінің кабинеті арқылы) немесе жазбаша түрде салық салу тәртібін өзгерту туралы хабарлама тапсыруы керек.
"Таңдалған салық салу тәртібін көрсету кезінде өзгертудің себебі ретінде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап патентті қолдану шарттарына сәйкес келмейтіндігін хабарлауы тиіс" – делінген Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан хабарламада.
2020 жылғы 1 қаңтарға дейін хабарламаған жағдайда салық органдары осындай салық төлеушілерді жалпыға бірдей белгіленген салық төлеу тәртібіне ауыстыратын болады.
Ал шағын бизнес өкілдері үшін осындай жалпы тәртіптен басқа арнаулы салық төлеу тәртібіне ауысуға тек бір жылдан кейін ғана рұқсат етіледі.
Арнаулы салық тәртібіне ауысудың артықшылықтары қандай?
Арнаулы салық тәртібін қолданатын шағын және ұсақ кәсіпкерлік субъектілері табыс салығынан үш жылға босатылады.
Сонымен қатар, жеңілдетілген салықтық есеп жүргізу және салықтық есептілікті тапсыру, бухгалтерлік есеп жүргізуден босату қарастырылған.

Шымкент қаласы бойынша МКД
Түсіндіру жұмыс басқармасы.

 
Шымкент көшелерінде ғұлама ғалымдар мен ақын-жазушылардың өнегелі сөздері сап түзеді Печать
20.12.2019 14:47

Шымкент қаласының көрікті көшелерінде Махамбет, Абай, Шәкәрім сынды ұлы ақындардан бастап, бүгінгі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің қаламынан туған жыр жолдары, сондай-ақ, Әл-Фарабиден басталған әйгілі ғұлама ғалымдар мен көрнекті жазушылардың өнегелі сөздері жазылған билбордтар сап түзеп тұр.


Бұл туралы Шымкент қалалық Ішкі саясат басқармасы басшысы Жанар Бектаева:

– Қазір ел бір күндік ұғыммен өмір сүруге дағдыланып кетті. Ал өлең деген өміршең, поэзия – мәңгілік құндылық. Оның үстіне қазір ел ақындар бұрын ғана болғандай, қазір ақындардың бар екенін де біле бермейді. Сондықтан, қала әкімі Ерлан Қуанышұлының бастамасымен қазақтың қасиетті қара өлеңінің сәулелі сабақтастығын көрсету мақсатында Махамбет, Абайлардан бүгінгі жас ақындарға дейін, барлығы 85 ақынның өлеңдерінің билбордтарын орнаттық. Сонымен бірге бұл бағыттағы жұмыстарымыз жалғаса береді. Абай саябағынан “Поэзия үйін” ашып жатырмыз. Ақындарды шақырып, жұма сайын кездесу ұйымдастырып отырамыз – дейді.

Оңтүстік шаһар бастаған бұл игі бастамаға, біз де, өз кезегімізде ризашылығымызды білдіреміз.

Қазақстан Жазушылар одағының фейсбук парақшасынан
 
«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясына қатысыңыз Печать
20.12.2019 14:45

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде 2019 жылдың 25 желтоқсанында сағат 11.00-де республикалық деңгейде бас жүлдесі автокөлік болатын, «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы бойынша ұтыс ойыны өткізіледі. «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы «Атамекен» ҰКП-ның қолдауымен Мемлекеттік кірістер комитетінің Wipon компаниясының мобильді қосымшасын пайдалану арқылы өткізіліп жатыр.

Аталған кезеңде қатысушылармен 2, 739 млрд.теңге сомаға шамамен 500 мың онлайн БКМ чегі жіберілді.
Акцияға қатысушылар арасында жүлделер ұтыс ойыны күн сайын өткізіліп, 3 512 жеңімпаз анықталды, оларға 5 000 теңгеге дейін ұялы телефон теңгеріміне ақшалай қаражат жұмсалды.
Бұл ретте барлық жіберілген онлайн БКМ чектері акцияның басты жүлдесі – автомобиль ұтыс ойынына қатысатынын атап өтеміз.
Бұл акция азаматтық белсенділікті арттыру, тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тұтынушылары ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестікті ынталандыру болып бағытталған.
Іс-шараны жариялау мақсатында БАҚ аккредитация алу үшін деректерді Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript , Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript электрондық мекен-жайына жіберу қажет. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70-99-40.

Шымкент қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті

 
Бет 7 , барлығы 199
 

Соңғы пікірлер

 
Барлық құқықтар қорғалған.
"Қызмет" интернет басылымы.