Ошибка
 
 

rssfeed

Қоғам
"Жас кәсіпкер" жобасымен 1407 азамат оқыған Печать
26.12.2019 00:00

Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру үшін мемлекет пен адамдардың күш біріктіруі аса маңызды. Оны іс жүзінде тиімді жүзеге асыру мақсатында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды.


Аталған бағдарлама аясында өткен жылы Шымкентте қандай жұмыстар атқарылды? Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама ТӨРТ бағыттан тұрады.

Бірінші бағыты. 2019 жылы 2000 адамды техникалық және кәсіптік оқыту жоспарланған. Нәтижесінде 1500-ге тарта адам жолданды.

Екінші бағыты. 83 азаматқа шағын несие алу үшін жолдама берілді. "Бастау бизнеспен" 2955 азамат оқытылып, куәліктері табысталды. 3478 азамат 505 мың тг.мемлекеттік грантқа ие болды.

Үшінші бағыты. 41768 азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды. Оның ішінде 28339 жұмыссыз азаматтар тұрақты, уақытша және жаңа жұмыс орындарына жолданды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына - 484, жастар тәжірибесіне 3503, қоғамдық жұмыстарға - 2252 азамат жолданды.

Төртінші бағыт. "Жас кәсіпкер" жобасымен 1407 азамат оқытылып, куәліктер табысталды.

Даурен Дуйсебаев,
Шымкент қаласы әкімдігі
халықты жұмыспен қамту орталығының
бапасөз хатшысы

 
Абай мұрасын тағылымды шаралармен дәріптейміз Печать
26.12.2019 00:00

Биыл Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған мемлекет және халықаралық деңгейде өтетін іс-шаралардың қатарында Абай шығармаларының ағылшын, араб, жапон, испан, итальян, қытай, неміс, орыс, түрік, француз тілдеріне аударылатыны жөніндегі дерек бізді ерекше қуантты. Бұл ұлы ойшылымызды әлем жұртына танытудағы оңтайлы іс болмақ.


Ұлы ақынның өмірі, мұрасы, қазақ мәдениетін дамытудағы рөлі туралы деректі фильмдер, «Абай» телесериалының түсірілетіні қазақстандықтарға сүйінші хабар болды. Бұл - біздің ішкі дүниемізге сәуле түсірген бағалы бастама

Дүбірлі, тағылымды шараға шымкенттіктер де қомақты үлес қоспақ. Қалада әртүрлі форматтағы мәдени іс-шаралар жүзеге асырылады.

Бұл игі шаралардың басты мақсаты - Президентіміз өз мақаласында айтып отырғандай, «Абайдың ойынан да, тойынан да тағылым алуға тиіспіз».

Зәуре Оралбаева,

Шымкент қалалық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің меңгерушісі

 
2020 жылы жаңа типті қоқыс контейнерлері орнатылады Печать
26.12.2019 00:00

Шымкент қаласындағы Абай ауданы бойынша 453 көпқабатты тұрғын үйдің 258 ауласы мен 727 көшенің санитарлық тазалау және ирригациялық жүйелерін қоқыстарын тазалау жұмыстарымен «Ақсемсер-Стройсервис» мекемесі айналысады. Ал, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды "Спецавтотранспорт" ЖШС-і қолға алған.


Қазіргі таңда аудан аумағындағы 453 көпқабатты тұрғын үй аулаларына қоқыс контейнерлерінен өзге қатты тұрмыстық қалдықтар тасталатын 112 контейнер
қойылған.

Мердігер мекеме көпқабатты тұрғын үйлердің ауласындағы қоқыс контейнерлерін күніне 2 рет, жеке тұрғын үйлерді аптасына 1 рет тазалап, алып отырады.

Сонымен қатар, халық тығыз шоғырланған 8-шағын аудан, Республика даңғылы мен А.Асқаров, Б.Момышұлы және Ю.Гагарин көшелері бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына қоқымша контейнелер орнатылды. Тозығы жеткен 67 контейнер ауыстырылды.

2020 жылы жаңа типті 150 контейнер сатып алуға қаржы қаралып, евро стандарттағы қоқыс жәшіктері қойылады.

 
«ХХІ ғасырдағы отбасы институты» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция Печать
24.12.2019 14:39

«Шымкент қаласының отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының» тапсырысы бойынша «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «ХХІ ғасырдағы отбасы институты» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Іс-шараның мақсаты «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасының отбасы институтын қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды насихаттау бағыттары аясындағы жұмыстарды жүзеге асыру.

Іс-шара барысында мақсатты топ өкілдері ХХІ ғасырдағы отбасы моделін қалыптастыру, отбасындағы бала тәрбиесі, отбасындағы ана мен әкенің рөлін нығайту, қоғамдағы отбасылық-тұрмыстық бағыттағы өзекті мәселелерді талқылап, өз пікірлерін ортаға салды.

Ж.Қалтаев - Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы:

- Басқарма тарапынан «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының аясында қаламызда отбасылық-тұрмыстық салада көптеген ауқымды жұмыстар атқарылды.

Негізігі жобалардың қатарында қиын жағдайға ұшыраған, қолайсыз және әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасылармен әңгімелесу, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша талдау жұмыстарын жүргізу мақсатында қаламыздағы төрт ауданда арнайы «Аутрич бөлімі» құрылды. Бұл бөлім қызметкерлері аудан аумақтарындағы шағынаудандардың белсенді тұрғындарымен оның ішінде учаскелік полиция қызметкері, мұғалімдер, дәрігерлер, үй басқарушылар мен көше басқарушылар, төбе билермен тығыз жұмыс жасап, сол аумақтың әлеуметтік картасын әзірлеп, өзекті мәселелерін анықтайды. Бүгінге дейін аутрич бөлімі шағынаудандар бойынша толық зерделеп, келеңсіз жағдайлардың алдын алуда жедел жұмыстар жүргізуде.

Сонымен қатар, қаладағы балалар үйлерін отбасылық үлгіде трансформациялау жоспарлануда. Басты мақсат – әр баланың отбасында өсуін қалыптастыру. Аталған бағытта тиісті құжаттар әзірленуде.

Қаламыздағы «Самғау сенім» орталығы бүгінге дейін 150-ге жуық отбасылық зорлық-зомбылықтың жәбірленушілеріне қажеттіліктеріне орай тиісті қызмет түрлерін ұсынды. Сондай-ақ, медико-психологиялық орталық ағымдағы жылы 350-ге жуық азаматтарға қызмет көрсетті.

Жалпы отбасы институтын нығайту, отбасы құндылықтарын дамыту мақсатындағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының аясында отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы тарапынан ажырасу көрсеткіштерін төмендету мақсатында қаламыздың Абай аудандық сотында пилоттық негізде құрылған

«Отбасы кеңесі» жұмыс тобының жүргізген жұмыстарының нәтижесі баяндалды.

 

Е.Отарбаев-Шымкент қаласы Абай аудандық сотының судьясы. «Отбасы кеңесі» жұмыс тобының жетекшісі:

- Аталған жұмыс тобы бүгінге дейін 30-ға жуық отырыс өткізді. Отырыстарда жалпы 250 іс қаралған. Оның ішінде 80 іс медиация әдісі бойынша шешімін тапса, 28 азамат өзінің ажырасу бойынша ұсынған талап-арыздарын кері қайтарды. Бұл өз кезегінде жалпы жұмыс тобы жұмысының тиімділігін көрсетіп отыр. Алдағы уақытта жұмыс тобының тәжірибесін қаладағы өзге де соттарда жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Жақында өзім қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен республикалық «Әкелер форумына» қатысып қайттым. Форумнан алған әсеріммен көп балалы әке ретінде қалада «Әкелер кеңесін» құруға себепкер болдым. Бүгінде кеңес өз жұмысын №38 мектепте бастады және қаланың барлық мектептеріне аталған кеңес жұмысын жүргізу бойынша эстафеталық жолдама жолданды.

 

Ж.Жазықбаева-«Балаларды (ЖИТС) СПИД-тен қорғау» қоғамдық қоры президенті:

- Отбасының құндылықтарын дәріптеу бұл біздің басты мақсатымыз. Осы орайда, біздің ұйым қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармамен бірлесіп тиісті жұмыстарды жүргізіп келеді. Себебі отбасындағы баланың құқығын қорғау, отбасын құруды жоспарлау бағытындағы жұмыстарды жүзеге асырып отырғандықтан, біздің негізгі мүддеміз бір деп ойлаймын. Біздің ұйым бүгінде «Өнеге» пилоттық жобасын бастап, нәтижелі жұмыстар жүргізді. Алдағы уақытта да отбасылық мәселелердің шешімін табуы бойынша тиісті жұмыстарды бірлесіп атқаратын боламыз.

Ғылыми-практикалық конференцияға Шымкент қаласының тұрғындары, жастар мен жасөспірімдер, жас отбасылар, зиялы қауым және аналар кеңесі және БАҚ өкілдері қатысты.

Ұ. Маймақова

 
Бет 9 , барлығы 204
 
Барлық құқықтар қорғалған.
"Қызмет" интернет басылымы.