Ошибка
 
 
Қоғам
ҚР парламенті мәжілісінің депутаттары Исақұлов Ержан, Қонақбаев Серік, Есжанов Сәуірбай, Өнербаев Нұрлан мырзалардың назарына! Печать
22.09.2011 13:59

Өздеріңіз туып-өскен  Оңтүстік Қазақстан облысындағы Төлеби ауданының Ақсу мен Бадам өзендерінің аралығында, алды біздің заманымызға дейінгі 2 мыңжылдыққа жататын, соңғылары Қазақ Хандығына тиесілі (17 ғасыр)  көптеген тарихи-археологиялық ескерткіштер бар.

 
Жаңа «Дін заңының» жаңалығы неде? Печать
22.09.2011 11:52
 


Мәжіліс кешегі жалпы отырысында «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң жобасын ақыры мақұлдады. Мемлекет басшысы бұл туындыны қабылдау мерзімін келер жылдың басына белгілеген болатын. Бірақ қалаулылар «жоспарды асыра орындады». Заң жобасы бойынша Мәжілістегі жұмыс тобының жетекшісі Рамазан Сарпеков, тіпті «күніне екіден-үштен жұмыс тобының отырысын өткізуге тура келгендігін» еске алады. «Елбасы осы заңның қажетті екендігін айтқан, - дейді ол, - Мемлекет басшысының тез арада депутаттардың осы іске араласып кетуі керектігін ескерткендігін ескере отырып, біз өте ынталы түрде жұмыс жасадық. Парламент қабырғасында жүргеніме 10 шақты жыл уақыт болған екен. Дәл осындай қарқынды жұмыс көргенім - алғашқы рет!»

 
Қазақстандық судьялар алатын параның құны қанша? Печать
16.09.2011 13:11

38Әлеуметтанушылар осы сауалға жауап іздеді. Мұндай ақпаратты КТК арнасы таратып отыр.

Ең жоғары құн Жоғарғы сотта екен. Зерттеу нәтижелері олардың орта есеппен 34 мың доллардан кем алмайтынын көрсетіп отыр. Ал, аудандық соттың судьялары 7 мың долларды місе тұтады.

Мұндай жанжал тудыратындай қорытындыны әлеуметшілер республиканың ірі қалаларында жүргізген сауаланаманың қорытындысында шығарып отыр. Сауалнамаға қатысқан респонденттердің ішінде қарапайым халық қана емес, кәсіпкерлермен қатар прокуратура және сот қызметкерлері, сондай-ақ тәртіп сақтаушылар мен адвокаттар да бар. Олардың басым бөлігі судьялар шешімді өздері қабылдамайды және кәсіби ар намыс Кодексі туралы ұмытып кетеді деген пікірді ұстанады.

 
Алтайдағы қазақтар Печать
16.09.2011 09:33

SHAMAN_95ae159aТарихи жазбаларда «Шүй қазақтары» деп аталып келген Ресейдің Алтай Республикасындағы Қосағаш ауданына қазақтар ХІХ ғасырдың соңына жақын қоныстанған екен. Ал, негізгі туған жерлері – Шығыс Қазақстан. Тағдырдың тәлкегімен алғашқыда Моңғолияға көшіп, кейіннен Алтай өңірін мекен еткен. Ресейдің Алтай Республикасында 160 мың халық болса, соның 17 мыңнан астамы Қосағаш ауданының тұрғыны, оның 10 мыңдайы қазақ. Алтай өңірінде 15 мыңдай қазақ бар. Олар алтай және орыс халқымен бірге өмір сүріп келеді. Қосағаштағы қандастарымыз Қазақстаннан тыс тіршілік кешіп жатса да, ұлтымыздың ежелгі әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, қолөнеріміздің қаймағын бұзбай, сақтап қалған.

 
Бет 87 , барлығы 87
 
Барлық құқықтар қорғалған.
"Қызмет" интернет басылымы.