Ошибка
 
 
Қоғам
Лама Шариф мемлекеттік мекемелерде намаз оқуға тыйым салыну себептерін атады Печать
22.09.2011 14:53
«Дінді ұстанған мемлекеттік қызметкерлер мекемеде намаз оқи алмайды, өйткені кабинетте өзге діни сенімдегі бірнеше қызметкер отыруы мүмкін. Осы жағдайды ескере отырып, біз өзге дінге сенушілердің ар-ождан құқығын сақтаймыз және қорғаймыз», - деді Қ. Лама Шариф.

«Бiз мынадай дәлел келтіреміз. Мына көріністі көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Дәрігер мемлекеттік мекемеде құлшылық жасауда. Осы уақытта апатқа ұшыраған, хал үстіндегі науқасты алып келді. Дәрiгердің намазды бұзуға құқығы жоқ. Осы орайда біз тыйым салу туралы шешiм дұрыс деп ойлаймыз», - деп толықтырды Қ. Лама Шариф.

 Оның сөзіне қарағанда, бұл әскери қызметкерлерге де қатысты.   

«Егер әскери адам күзетте тұрғанда, намаз уақыты келсе, ол күзетті тастап, құлшылық жасауға кете алмайды. Біз жаңа заң жобасында діни сенім Конституция алдындағы міндеттемелерден жоғары тұрмайтынын нақты көрсетіп жаздық», - деп атап өтті Қ.Лама Шариф.

Еске сала кетейік, Қазақстан мемлекеттік мекемелерде, оқу орындарында, ауруханаларда, әскери бөлімдерде намазханалар ашуға тыйым салды. Бұл орындарда намазхана ашу заңсыз болып есептеледі. Ол үшін айып салынады.  
 
ҚР парламенті мәжілісінің депутаттары Исақұлов Ержан, Қонақбаев Серік, Есжанов Сәуірбай, Өнербаев Нұрлан мырзалардың назарына! Печать
22.09.2011 13:59

Өздеріңіз туып-өскен  Оңтүстік Қазақстан облысындағы Төлеби ауданының Ақсу мен Бадам өзендерінің аралығында, алды біздің заманымызға дейінгі 2 мыңжылдыққа жататын, соңғылары Қазақ Хандығына тиесілі (17 ғасыр)  көптеген тарихи-археологиялық ескерткіштер бар.

 
Жаңа «Дін заңының» жаңалығы неде? Печать
22.09.2011 11:52
 


Мәжіліс кешегі жалпы отырысында «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң жобасын ақыры мақұлдады. Мемлекет басшысы бұл туындыны қабылдау мерзімін келер жылдың басына белгілеген болатын. Бірақ қалаулылар «жоспарды асыра орындады». Заң жобасы бойынша Мәжілістегі жұмыс тобының жетекшісі Рамазан Сарпеков, тіпті «күніне екіден-үштен жұмыс тобының отырысын өткізуге тура келгендігін» еске алады. «Елбасы осы заңның қажетті екендігін айтқан, - дейді ол, - Мемлекет басшысының тез арада депутаттардың осы іске араласып кетуі керектігін ескерткендігін ескере отырып, біз өте ынталы түрде жұмыс жасадық. Парламент қабырғасында жүргеніме 10 шақты жыл уақыт болған екен. Дәл осындай қарқынды жұмыс көргенім - алғашқы рет!»

 
Қазақстандық судьялар алатын параның құны қанша? Печать
16.09.2011 13:11

38Әлеуметтанушылар осы сауалға жауап іздеді. Мұндай ақпаратты КТК арнасы таратып отыр.

Ең жоғары құн Жоғарғы сотта екен. Зерттеу нәтижелері олардың орта есеппен 34 мың доллардан кем алмайтынын көрсетіп отыр. Ал, аудандық соттың судьялары 7 мың долларды місе тұтады.

Мұндай жанжал тудыратындай қорытындыны әлеуметшілер республиканың ірі қалаларында жүргізген сауаланаманың қорытындысында шығарып отыр. Сауалнамаға қатысқан респонденттердің ішінде қарапайым халық қана емес, кәсіпкерлермен қатар прокуратура және сот қызметкерлері, сондай-ақ тәртіп сақтаушылар мен адвокаттар да бар. Олардың басым бөлігі судьялар шешімді өздері қабылдамайды және кәсіби ар намыс Кодексі туралы ұмытып кетеді деген пікірді ұстанады.

 
Келесі мақалалар...
Бет 198 , барлығы 199
 

Соңғы пікірлер

 
Барлық құқықтар қорғалған.
"Қызмет" интернет басылымы.