Ошибка
 
 
Қоғам
Ордабасылық оқушыларға деструктивті діни ағымдар жайлы түсіндірілді Печать
27.12.2019 10:22

Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылғы 25 желтоқсанда Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауыл округіне қарасты Б.Нұрлыбеков, «Ынтымақ», «Достық», М.Исламқұлов жалпы орта мектептерінде жоғары сынып оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен басқосу жиыны өтті. Ұйымдастырылған шараға арнайы келген облыстық қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің маманы Б.Өтеген қатысты.


Қатысушыларға қоғамда көрініс беретін деструктивті діни ағымдардың іс-әрекеті мен олардың зиянды тұстары түсіндіріліп, діни әдебиеттерді қолдануда тек рұқсат етілген ақпараттарды пайдалану жөнінде кеңінен ескертілді. Жиын барысында дін саласына қатысты көкейтесті бірқатар сұрақтарға жауаптар берілді.

Бұл шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады дейді Шұбарсу ауыл округі әкімдігінің қызметкерлері.

 
2020 жылы Шымкентке жаңа 590 автобус алынады Печать
26.12.2019 00:00

Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі Е.Айтаханов Нұр-Сұлтан қаласында өткен брифингте мәлім етті. Автобус парктерін жаңарту бойынша Нұр-Сұлтан қаласының тәжірибесі ескеріліп, арнайы мамандармен бірлесе жұмыс тобы құрылып, жол картасы бекітілді дейді қала басшысы.

Жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін ағымдағы жылы 300 жаңа автобус алынды. Жоспарға сәйкес, қаланың көлік саласын даму схемасы әзірленеді. Және 2020 жылы 590 жаңа автобус алынады. Одан бөлек, келесі жылы қоғамдық көлік бағыттарын жаңа форматқа көшіру,заманауи диспетчерлік орталық құру, электрондық билеттендіруді енгізу жұмыстары да қолға алынады.

Айта кетсек, Шымкент қаласындағы қоғамдық көлікті күніне 650 мыңға жуық адам пайдаланса, 25 тасымалдаушы мекемеде 1 621 автобустар бар. Олардың 60%-ы ескірген.

«Қызмет-Ақпарат»

 
"Жас кәсіпкер" жобасымен 1407 азамат оқыған Печать
26.12.2019 00:00

Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру үшін мемлекет пен адамдардың күш біріктіруі аса маңызды. Оны іс жүзінде тиімді жүзеге асыру мақсатында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды.


Аталған бағдарлама аясында өткен жылы Шымкентте қандай жұмыстар атқарылды? Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама ТӨРТ бағыттан тұрады.

Бірінші бағыты. 2019 жылы 2000 адамды техникалық және кәсіптік оқыту жоспарланған. Нәтижесінде 1500-ге тарта адам жолданды.

Екінші бағыты. 83 азаматқа шағын несие алу үшін жолдама берілді. "Бастау бизнеспен" 2955 азамат оқытылып, куәліктері табысталды. 3478 азамат 505 мың тг.мемлекеттік грантқа ие болды.

Үшінші бағыты. 41768 азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды. Оның ішінде 28339 жұмыссыз азаматтар тұрақты, уақытша және жаңа жұмыс орындарына жолданды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына - 484, жастар тәжірибесіне 3503, қоғамдық жұмыстарға - 2252 азамат жолданды.

Төртінші бағыт. "Жас кәсіпкер" жобасымен 1407 азамат оқытылып, куәліктер табысталды.

Даурен Дуйсебаев,
Шымкент қаласы әкімдігі
халықты жұмыспен қамту орталығының
бапасөз хатшысы

 
Абай мұрасын тағылымды шаралармен дәріптейміз Печать
26.12.2019 00:00

Биыл Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған мемлекет және халықаралық деңгейде өтетін іс-шаралардың қатарында Абай шығармаларының ағылшын, араб, жапон, испан, итальян, қытай, неміс, орыс, түрік, француз тілдеріне аударылатыны жөніндегі дерек бізді ерекше қуантты. Бұл ұлы ойшылымызды әлем жұртына танытудағы оңтайлы іс болмақ.


Ұлы ақынның өмірі, мұрасы, қазақ мәдениетін дамытудағы рөлі туралы деректі фильмдер, «Абай» телесериалының түсірілетіні қазақстандықтарға сүйінші хабар болды. Бұл - біздің ішкі дүниемізге сәуле түсірген бағалы бастама

Дүбірлі, тағылымды шараға шымкенттіктер де қомақты үлес қоспақ. Қалада әртүрлі форматтағы мәдени іс-шаралар жүзеге асырылады.

Бұл игі шаралардың басты мақсаты - Президентіміз өз мақаласында айтып отырғандай, «Абайдың ойынан да, тойынан да тағылым алуға тиіспіз».

Зәуре Оралбаева,

Шымкент қалалық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің меңгерушісі

 
Бет 3 , барлығы 199
 

Соңғы пікірлер

 
Барлық құқықтар қорғалған.
"Қызмет" интернет басылымы.