Ошибка
 
 
ЭСТАФЕТАЛЫҚ МАРАФОН ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУГЕ АРНАЛДЫ Печать
02.09.2018 11:27

Білім күні мерекесі қарсаңында Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов аудан орталығындағы Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясындағы «Адал ұрпақ» еріктілер клубының «Адал жол» эстафеталық марафоны аясында өтіп жатқан «Адал ұрпақ – мәңгілік ел тірегі» ашық сабағына қатысты.

Мектептің белсенді оқушыларынан құралған клубтың негізгі мақсаты - білім беру мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа “нөлдік төзімділік” қағидатын қалыптастыру, жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту және оған қарсы күресті күшейту болып табылады. Ашық сабақты «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жетекшісі Жомарт Мыңбаев жүргізіп, клуб мүшелерін «Әділдік», «Абырой», «Адалдық», «Жауапкершілік» атты 4 топқа бөліп сайыс түрінде ұйымдастырды. Әр топ өз ұрандары және мағынасы мен мән-маңызын түсіндірді. Дәріс барысында сыбайлас жемқорлықтың адамзат баласына тигізер зардабы жайында бейнебаян көрсетіліп, оқушылар ойларын ортаға салды.

Қызықты да тартымды өткен ашық сабақтың соңына дейін қатысқан аудан әкімі оқушылармен бірге сабаққа араласып, клуб мүшелерін одан әрі қызықтыратын әңгімелер айтып, пікірлерімен бөлісті. Еріктілер тобының алдағы жұмыстарының қандай бағытта өрбуі керектігі жөнінде де идеяларды ортаға салды. Сондай-ақ сыбайластықтың алдын алу бойынша оқушыларға сауалдар жолдап, оқушылардың таным-түсінігін арттыратын ойлы оқиғаларды сөз еткен аудан басшысы әр топ атауына берілген төрт қасиет әр адам баласының бойынан табылса сыбайластықтың қоғамнан мүлде жойылатынын тілге тиек етті.

- Болашақ бүгіннен басталады. Заманымыздың ертеңін жасайтын жас ұрпақты білімді, саналы етіп тәрбиелеумен қатар, қазіргі қоғам дерті – жемқорлық пен сыбайластықтан таза тұлғаларды қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз және оны қалыптастыру басты міндетіміздің бірі» деген болатын. Ұлттық тәрбиеге тікелей ықпал жасайтын - білім ордалары, отбасы, қоғам, орта. Қазақстанның болашағы - Ұлтжанды, адами құндылықтарды бойына жиған, қиыншылықтан жол табатын, экономикалық бәсекелестікке қабілетті, ары таза иманжүзді, біреудің қолдауынсыз өз еңбегімен білім алған, елі мен жерін сүйетінін атқарған ісімен дәлелдеген жастарды көргіміз келеді. Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық қасиеттер негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектепте қалыптастыру баршамыздың міндетіміз. Бүгінгі “Адал ұрпақ” еріктілер клубының жұмысына қарай отырып, басты мақсатымыздың орындалып жатқанын көруге болады. Алдағы уақытта да клуб жұмысын үзбей, жоспарлы түрде жалғастыру керек, – деді аудан басшысы Ерлан Айтаханов.

Шара алдағы уақытта да түрлі деңгейдегі бағыттар бойынша жүзеге аспақ. Қоғам мен болашақ алдында адал ниетті ұрпақ тәрбиелеудегі маңызы зор бастама ел келешегі жастардың өзін-өзі тәрбиелеу жұмыстары аясында да орындалуы көзделуде.

Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қосу


Қорғаушы код
Жаңалау

 

Соңғы пікірлер

 
Барлық құқықтар қорғалған.
"Қызмет" интернет басылымы.