Ошибка
 
 
Шымкентте «Жас сәулетшілер» клубы жұмысын бастады Печать
25.04.2019 18:27

Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанынан «Жас сәулетші» клубы құрылып, өз жұмысын бастады. Клубқа тек ОҚМУ студенттері ғана емес, қаладағы өзге де оқу орындарының студенттері мүшелікке қабылданған. Ашылу жиынына «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Шымкент қалалық филиалының директоры Н.Қабыштаев, қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшылығы, танымал сәулетшілер қатысып, жас сәулетшілерге табыс тіледі.


«Жас сәулетшілер» клубы сәулеткерлік саласында білім алып жүрген студенттер мен жас сәулетшілердің басын қосып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін алаңқай болмақ. Сондай-ақ, клуб республикадағы үшінші мегополис – Шымкенттің сәулеттік келбетін қалыптастырудағы жастардың үлесін арттыруды мақсат етіп отыр. Клуб «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бастамасымен және М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың қолдауымен жүзеге асқан.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Н.Қабыштаев өз сөзінде жас сәулетшілердің кәсіпкерлік идеяларын жүзеге асыруға қолдау білдіретінін айтып, батыл әрі жаңашыл ойларын іске қосуға шақырды. Қалалық тиісті сала басқармасы басшылығы, белгілі сәулетшілер жастарды клуб ашылуымен құттықтап, табыс тіледі.

«Жас сәулетшілер» клубына мүше студенттер өз жобаларымен таныстырып, тәжірибелі сәулетші ағаларының ақыл-кеңесін алып жатты. Жас сәулетшілердің жобалары тақырыптық әртүрлілікке ие. Олар негізінен өздеріне етене таныс жатақхана, ойын-сауық орталықтары, кафе, қоғамдық тамақтану, боулинг орталықтары, демалыс орындарына арналған өзге де жобаларды қамтыған. Аға буын сәулетшілер жастардың таныстырған сәулет жобаларына разылықтарын білдіріп, кейбір жобаларды жетілдіре түсу үшін кеңестерін берді және алдағы уақытта бірлесіп жұмыс атқаруға уағдаласты.

«Қызмет - ақпарат»

Пікір қосу


Қорғаушы код
Жаңалау

 
Барлық құқықтар қорғалған.
"Қызмет" интернет басылымы.